Павлодарлық «Атамекенде» агроөнеркәсіптік кешен комитетінің отырысы өтті
«Атамекен» өңірлік палатасы алаңында агроөнеркәсіптік кешен комитетінің кезекті отырысының тақырыбы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту болды
Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында кәсіпкерлік субъектілеріне жеке және жүйелі мәселелерді шешуге көмектесетін 5 комитет құрылды.
ӨКП комитеттері 5 бағыт бойынша жұмыс істейді: агроөнеркәсіптік кешен комитеті; өнеркәсіп, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық; туризм және қонақ үй бизнесі; білім беру; сауда және қызмет көрсету.
Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Жомарт Сембаевтың айтуынша, ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту тақырыбы шаруалар үшін өте өзекті. Мәселе агроөнеркәсіптік кешен комитетінің отырысына шығарылды.
Сонау 2016 жылы «Ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтері туралы» Заң қабылданған болатын. Дегенмен, бүгінгі күнге дейін ауылшаруашылық құрылымдары бірқатар себептерге байланысты дұрыс дамымай отыр.
«2016-2019 жылдар аралығында облысымызда 107 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Белсенді басталғанына қарамастан, ӘКК-ның қаржыландыру және субсидиялау бағдарламаларының жоқтығынан бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 30-ы ғана бар және 40-қа жуық ӘКК өз қызметін тоқтатты. Фермерлер үшін қуанышты жаңалық болған – ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту бойынша жалпы елдік жобаның іске қосылуы», - деді Жомарт Сембаев «Атамекен» ӨКП-ның ауыл шаруашылығы мәселелеріне арналған АӨК комитетінің отырысында.
Жалпы, Павлодар облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Нұралы Қабиевтің айтуынша, биылғы жылы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға облысқа 1,5 млрд. бөлінген болатын.
Агроөнеркәсіптік кешен комитетінің отырысында шаруалар ӘКК-ге салық төлеу, мал азығын жинайтын техника сатып алу үшін ауыл шаруашылығы кооперативтеріне жеңілдікпен несие беру туралы ұсыныстарын айтты.
Шаруалар назарын аударған тағы бір мәселе «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қаржыландыруымен ауыл шаруашылығы кооперативтері кеңесінің құрамына «Павлодар» ӘКК өкілін енгізу талабы болды.
«Ертіс Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасылан Тоқтышақов қарсы ұсыныспен шықты: «Павлодар» ӘКК» өкілін «Павлодар»ӘКК» тарапынан қаржылай емес қолдау қажеттілігі туралы Ауыл шаруашылығы кооперативінің атқарушы органының оң шешімінен кейін ғана қаржыландыру кезінде «Павлодар» ӘКК» ауыл шаруашылығы кооперативтерінің басқармасына қосу.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: