«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордада тәлімгерлік бағдарламаға ментилер іріктеліп жатыр

2023 жылғы 28 Сәуір
- Қызылорда облысы
8615 просмотров

Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасында «Мен кәсіпкер» жобасының «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты бойынша тәлімгердің (ментор) сүйемелдеуіне қатысушыларды (менти) іріктеу басталды.

Жобаның «Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағытындағы менторы, яғни тәлімгері облыстық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, бизнес-тренер Наталья Мишукова. 

Ментордың сүйемелдеу бағдарламасына кәсібі бар, кәсіпкер ретінде тіркелгеніне бір жыл толған қыз-келіншектер қатыса алады.

«Соңғы екі аптада Қызылорда қаласы мен аудандардағы қыз-келіншектермен кездесіп, түсіндіріп жүрміз. Тәлімгердің сүйемелдеуімен оқығысы келетін қыз-келіншектер бірінші анкета толтыру, сұхбаттасу кезеңі арқылы іріктеуден өтеді. Содан кейін барып іріктеуден өткен қыз-келіншектерді оқыту, жобасын дамыту, сүйемелдеу басталады. Іріктеу кезеңін мамырда бітіреміз», – дейді Наталья Мишукова.

Айта кету керек, биыл Қызылорда облысында «Мен кәсіпкер» жобасы аясында 600-ге жуық азаматқа қызмет көрсетілмек. Жобаны Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырады.

«Мен кәсіпкер» – «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында жүзеге асырылып жатыр. Ол жаңа жоба. Бірнеше саланы қамтиды.

Негізгі екі бағыты бар:

- әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы;

- кәсіпке бағыт.

«Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы» бағыты аясында Кәсіпкерлер палатасының кеңесшілері кеңес беріп, олардың қажеттіліктерін анықтайды. Одан кейін сұранысын анықтап, соған сәйкес қыз-келіншектерді оқытады.  

Жобаға қатысуға ниетті кәсіпкерлер Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасына өтінім беруі керек. Палатаның мекенжайы Қызылорда қаласы, Қорқыт ата 123. Байланыс телефоны 8 /7242/ 40-09-81.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер