«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық кәсіпкерлерге 2023 жылы мемлекеттік сатып алудағы өзгерістер туралы айтылды

2023 жылғы 01 Мамыр
- Қарағанды облысы
7520 просмотров

"2023 жылғы мемлекеттік сатып алу" тақырыбында оқыту семинарын Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында сатып алу саласындағы мамандар өткізді. Спикерлер ретінде "Орталық" жол-құрылыс және инжиниринг ұйымдары одағының өкілі Гаухар Көпжасарова және Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудитті камералдық бақылау бөлімінің басшысы Әсет Досыбаев, Мемлекеттік сатып алу басқармасының жиынтық-талдау бөлімінің басшысы Қуаныш Махашов сөз сөйледі.

Семинардың модераторы Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы болды. Іс-шараның басты мақсаты қатысушыларды биылғы жылы мемлекеттік сатып алу саласында болған ел заңнамасындағы өзгерістермен таныстыру болды. 

Семинарға жеткізуші рөлінде сатып алуға қатысатын тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алумен немесе жеткізумен айналысатын Қарағанды кәсіпорындарының мамандары қатысты. Сондай-ақ, іс-шараға компанияда сатып алулар жүргізумен айналысатын алғашқы басшылар, бухгалтерлер мен менеджерлер қатысты. 
Семинарға қатысқандардың барлығына берілген сұрақтар бойынша түсініктемелер берілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер