«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды қаласында «Мен кәсіпкер» жобасы аясында «Ірімшік жасау» бағыты бойынша оқыту басталады

2023 жылғы 20 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
5050 просмотров

Қарағанды қаласында Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының қызметтері аясында 2023 жылдың 25 қыркүйегінде ірімшік жасау бойынша оқыту курсы басталады, оған 19 әйел қатысады. Оқыту ЖК Milk House базасында тегін жүргізіледі.

Ағымдағы жылы Қарағанды ​​облысында кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында кемінде 120 әйелді түрлі бағытта оқыту жоспарлануда.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығында кәсіпкер әйелдер өз ісін жаңадан бастағандарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу бойынша бірқатар қызметтерді ала алады.

Қызметтер туралы толығырақ мына мекен-жайдан біле аласыздар: Қарағанды ​​қаласы, Ермекова көшесі 29, 1 қабат.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер