«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қызылордалық «Абай Даулет» компаниясы «Адал азамат» сыйлығының иегері атанды

2024 жылғы 08 Қараша
- Қызылорда облысы
810 просмотров

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша бұл бастама Қазақстан халқын туған табиғатты аялау идеясының төңірегінде біріктіре алады.

Осы орайда, Атамекен «Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жыл басында бизнес өкілдері арасында конкурс ұйымдастырып, 7 қарашада өтетін Палатаның съезі аясында жеңімпаздар анықталатын болды.

Астана қаласында Атамекен «Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен өткен «Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес» форумы аясында «Таза Қазақстан» акциясының жеңімпаздары анықталды.  «Атамекен» ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов арнайы тағайындалған «Адал азамат» сыйлығымен Ақмола, Маңғыстау және Қызылорда облысының өкілдерін марапаттады. Сыйлық жалпыұлттық акцияға белсене қатысып, сондай-ақ  биыл көктемде су тасқыны кезінде әлеуметтік жауапкершілік танытқан кәсіпкерлердің жетістіктері үшін берілді.

Қызылорда облысынан жеңімпаз атанған «Абай Даулет» компаниясы  2016 жылы Қызылорда облысында құрылған көпсалалы ауыл шаруашылығы серіктестігі. Серіктестік күріш шаруашылығымен қатар мал шаруашылығымен, құс шаруашылығымен, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс өнімдерін өндірумен айналысады.
Басшысы Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев.

Компания облыстағы барлық қоғамдық шараларға белсене қатысады. Олар жыл сайын өңірдегі әлеуметтік жобаларға қаржылай қолдау көрсетіп, демеушілік, қайырымдылық көмек көрсетіп, облыс тұрғындарының көмекке мұқтаж жандарына қол ұшын беріп келеді. Елімізде көктем айларында орын алған су тасқынында да мекеме зардап шеккен аймақтарға қаржымен қатар тонналап жем-шөп және азық-түлік жөнелтті. Сондай-ақ, Мұрат Абайұлының қала тазалығына зор үлес қосып  жүргенін жергілікті жұрт жақсы біледі.

 «Абай Даулет компаниясының  жеңімпаз атануы - барлық қызметкердің біріккен еңбегінің нәтижесі. Мекеменің көп салалығына қарамастан, міндет бір, ол елге қызмет ету. Еліміздің, қаламыздың гүлденуі, экологиялық залалдың болмауы, туған жердің өсіп-өнуі біздің басты қағидамыз. Менімен әрбір қазақстандық азамат келіседі деген ойдамын» деп атап өтті Мұрат Сәрсенбаев.  

Мемлекет шағын және орта бизнеске қолдау білдіріп келсе, бизнес өкілдері еліміздің экономикасын дамытудың негізгі факторына айналары сөзсіз. 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер