«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес-қауымдастыққа сатып алуға қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынылды

2024 жылғы 27 Қараша
482 просмотров

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық өндірушілерге арналған қолдау шаралары аясында жиынға қатысты. ҰКП, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Самұрық-Қазына Келісімшарт», «QazCloud» электрондық дүкенінің операторы, Тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы, салалық ұйымдар мен отандық тауар өндірушілер офтейк-келісімшарттар жасасу және бизнестің сатып алуға қатысуы мәселелерін талқылады.

Әлеуетті жеткізушілерге сатып алу қызметінің ерекшеліктері мен жаңалықтары жан-жақты түсіндірілді, сатып алудағы ішкі құндылықты арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар баяндалды. Естеріңізге сала кетейік, елімізде отандық тауар өндірушілер арасында сатып алуды жүргізудің міндетті басымдығы, тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуден және шарттарды орындаудан босату, ОТӨ үшін жеткізу мерзімін күнтізбелік 60 күнге дейін ұлғайту және т.б.) шаралардың тұтас кешені көзделген. Неғұрлым ашық әрі тиімді сатып алу рәсімдерін енгізу ішкі нарықты нығайтуға және кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға мүмкіндік береді.

ОТӨ қолдаудың тағы бір тиімді механизмі сарапшылар офтейк-келісімшарттар жасасуды қарастырады. Шарттың ерекшелігі – жеткізуші болашақта жоспарлап отырған тауарды жеткізу міндеттемесі, жеткізілім құны, саны (көлемі) және мерзімі бойынша алдын ала келісілген шарттар бойынша жеткізуді жоспарлайды.

«Самұрық-Қазына» сарапшылары қор ұйымдары мен отандық тауар өндірушілер арасындағы офтейк-келісімшарттар тетігі арқылы жаңа өндірістер құру бағдарламасы туралы сөз қозғады. Онда ОТӨ бар екендігі туралы мәліметті «Атамекен» Ұлттық палатасы да беретінін жеткізді. «Самұрық-Қазына» қорының импортты алмастыру үшін тауарлар пулына өтінім беру кезінде СТ-КЗ немесе индустриялық сертификаттардың болмауы міндетті болып табылады. Өйткені олардың болуы ел аумағында осындай өндірістің бар екендігін көрсетеді. Офтейк-келісімшарт жасалғаннан кейін өтініш беруші елішілік құндылық үлесін растайтын сертификат алады.

«Тау-Кен Самұрық» дерегі бойынша, 2024 жылдың 10 айында отандық бизнестен 383 млрд теңге сомасына тауар сатып алынды, бұл жалпы сатып алу көлемінің 66%-ын құрайды. Өткен жылы бұл көрсеткіш 57% деңгейінде болған еді. 2021-2024 жылдар аралығында 1513 жеткізушінің 1488-і жергілікті.

Айта кетейік, келесі аптадан 2025 жылға арналған сатып алу жоспары бойынша жұмыс басталады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер