«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Түркістан облысында мектепке дейінгі мекемелерде биометриялық жүйені енгізу талқыланды

2025 жылғы 20 Қаңтар
- Түркістан облысы
222 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Білім беруді және медицинаны дамыту комитетінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде мектепке дейінгі мекемелерде биометриялық жүйені енгізу мәселелері қарастырылды.

    Отырыста мектепке дейінгі мекемелерде биометриялық жүйені қолдану заңдылығы мен қолданудың құқықтық аспектілері талқыланды. Жүйенің балабақшалардағы қауіпсіздік деңгейін арттырудағы рөлі және ата-аналардың қатысуы үшін ашықтықты қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
    
Биометриялық жүйелерді орнату шығындары мен қызмет көрсету ақыларына қатысты ұсыныстар қаралып кәсіпкерлерге түсетін қаржылық жүктемені азайту және бюджет тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.
    
Сонымен қатар, мектепке дейінгі ұйымдарда жоспарлы мониторинг жүргізу әдістері сөз болды. Мемлекеттік тапсырыстарды орындау сапасын қадағалау және олардың заңдылығын қамтамасыз ету бойынша шешімдер ұсынылды. Комитет мүшелері бұл бастаманың мектепке дейінгі білім беру сапасын жақсартуға, сондай-ақ кәсіпкерлердің мүдделерін қорғауға ықпал ететініне сенім білдірді. Ал биометриялық жүйені енгізу мәселесі бойынша қарсы екендіктерін жеткізді. Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленіп, жауапты органдарға жолданатын болды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер