«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

QARMET өкілі Шымкенттің кәсіпкерлерімен кездесті

2025 жылғы 28 Қаңтар
- Шымкент қаласы
1854 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында металл өңдеу және құрылыс саласының кәсіпкерлері бас қосты.

Үшінші мегаполистегі компаниялардың өкілдерімен кездесуге Qarmet АҚ өкілі келді. Палата директорының орынбасары Бауыржан Бердалиев ірі компания мен жергілікті бизнес-қауымдастықтың тікелей жұмыс істеуі барлық тарапқа қолайлы болатынын айтты.

«Теміртау қаласында орналасқан Qarmet АҚ – Қазақстандағы ең ірі металлургиялық зауыт. Ол тау-кен және болат, металлургия, көмір саласындағы өндіріспен айналысады. Өнімдері негізінен экспортқа бағытталған. Өздеріңізге белгілі, бұған дейін құрылтайшысы өзгерген компанияның өндірістік саясаты да бірқатар өзгеріске ұшырап отыр. Qarmet АҚ өкілі қаламызға алғаш рет келіп отыр. Кәсіпкерлер палатасы жұмысының мақсаты да осы – ірі компаниялар мен жергілікті кәсіпкерлер арасында тікелей байланыс орнату», – деді Бауыржан Бердалиев.

Qarmet АҚ өкілі Айгүл Дауенова компания туралы мәліметті таныстырып өтті.

«Біздің компанияның басты мақсаты – құрылғыларды жаңартудан өткізу, өндірістік қауіпсіздікті жетілдіру, өндіріс көлемін арттыру. Сонымен қоса ішкі нарықтың тау-кен және металл өнімдерге деген қажетін толық қамтамасыз етуге тырысамыз. Компаниямыздың Ресейде, Өзбекстанда және Әзірбайжанда ресми өкілдіктері бар. Бұл сапарымыздағы мақсатымыз – Шымкенттің кәсіпкерлерімен, компанияларымен тікелей байланыс ортану, өнімдерімізді тікелей жеткізу», – деді Айгүл Дауенова.

Жергілікті компаниялардың өкілдерін негізінен металл өнімдері қызықтырады. Кәсіпкерлер, соның ішінде темір-болат материалдардың жаңа түрлерін шығару, заманауи құрылыс материалдары туралы сұрақтарын зауыт басшыларына онлайн режимде тікелей қойып, тиісті жауаптарын алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер