«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қазақстанның балалар лагері лицензиялауды бастайды: нені білу қажет

2025 жылғы 03 Наурыз
896 просмотров

Дереккөз: https://iapn.kz/

«Атамекен» ҰКП-да кәсіпкерлік субъектілер маусымның ашылуы қарсаңында балалардың қала сыртындағы демалысын ұйымдастыруға дайындық мәселелері бойынша жыл сайынғы жиынын өткізді.

«Жыл сайын демалысты ұйымдастырумен айналысатын балалардың білім беру ұйымдарына қойылатын талаптары күшейе түсуде. Бұл өте күрделі әрі жауапты қызмет», – деп атап өтті жиын модераторы Басқарушы директор – ҰКП Туризм департаментінің директоры Дамиля Құнанова.

Турбизнес пен мемлекеттік органдар кездесуінің күн тәртібіндегі басты мәселесі – 2026 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін кәмелетке толмағандарға білім беру – сауықтыру қызметтерін ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау болды. Жаңашылдық жазғы лагерьлерге, соның ішінде жыл бойы, маусымдық не білім беру лагерлеріне қатысты болмақ.

Бүгінде елімізде 17 лагерь жыл бойы жұмыс істейуде, олар сауықтыру лагерінен бөлек білім беру қызметін жүргізеді. Сондай-ақ, маусымдық лагерьлер балалар демалысын ұйымдастырумен айналысады, олардың саны ел бойынша 150-ден асады.

Маңызды жайт – маусымдық және жыл бойғы лагерьлерге қойылатын талаптардың айырмашылығы. Маусымдық лагерьлер үшін біліктілік талаптары шамамен 70%-ға төмендейді, өйткені бұл ұйымдар білім беру сабақтарын өткізуге және оқу материалдарын ұсынуға міндетті емес. Керісінше, жыл бойғы лагерьлер білім беру және сауықтыру жұмыстарына қатысты қатаң талаптарды сақтауы керек.

Кәсіпкерлер талаптардың күшеюіне және әкімшілік жүктеменің өсуіне байланысты алаңдаушылық білдіруде. ЗТБ мен «ҚР балалар-жасөспірімдер туризмі қауымдастығы» ЖК басшысы Қайрат Сұлтанов атап өткендей, өткен жылы балалар демалысы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлер саны 50% - ға азайды. Оның себептерінің бірі – қаржылық шығындар, оның ішінде тексерулер мен жаңа стандарттарды сақтау. Мәселен, бір жұмыс маусымына 2,5 айда кәсіпкерлерге рұқсат құжаттарын алуға 1,2 млн теңгеге дейін жұмсалады.

Лагерьлердің нақты жіктелуінің болмауы да маңызды мәселе болып отыр.

«Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерде «балалар сауықтыру лагері» ұғымы бар. Алайда біз, балаларға медициналық қызмет көрсетпейміз. Сондықтан классификаторға «жазғы демалыс лагері» ұғымын енгізуді ұсынамыз», - деп атап өтті «Жігер» балалар және жасөспірімдер клубтары бірлестігінің директоры Елена Деш.

Мүдделі мемлекеттік органдар турбизнестің лагерь түрлерінің ағымдағы тізімі моральдық тұрғыдан ескірген және қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келмейді деген ұсынысын қолдады. Жыл соңына дейін лицензиялауға жататын маусымдық балалар лагерлерінің жіктеуішін әзірлеу бойынша бизнеспен бірлескен жұмыс жүргізілетін болады.

Маусым қарсаңында балалардың қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады. Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылы Алматы облысында сауна аумағында балалар лагері орналастырылған резонанстық оқиғадан кейін балалардың денсаулық жағдайын бақылау басымдыққа айналатынын тілге тиек етті.

Кездесу қорытындысы бойынша аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменттеріне балалардың жазғы демалысымен айналысатын ұйымдарды лицензиялауды енгізу және дайындау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын жүргізу ұсынылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлер өз бастамаларын нормативтік құқықтық актілер шеңберінде ұсынады деген байламға келді. Ол үшін кездесу мамыр-маусым айларына белгіленіп, бизнес-қауымдастық өкілдерінің арасынан жұмыс топтары құрылатын бола


Еншілес ұйымдар

Серіктестер