«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Көлік және логистика» салалық кеңесінің жаңа төрағасы сайланды

2025 жылғы 26 Наурыз
- Астана қаласы
1616 просмотров

Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында «Көлік және логистика» салалық кеңесінің отырысы өтіп, онда бірқатар маңызды мәселелер, соның ішінде жаңа төрағаны сайлау мәселесі қаралды.

Өзінің бизнес қызметінің жоғары жүктемесіне және Өңірлік кеңестегі жұмысына байланысты Дархан Шілдебаев салалық кеңес төрағасы өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдады. Белгіленген рәсімдерге сәйкес, төраға лауазымына кандидаттарды кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде 1/3 бөлігі ұсына алады. Дауыс беру нәтижесінде «Көлік және логистика» салалық кеңесінің жаңа төрағасы болып Қанат Көбесов сайланды. Ол Status Management Group компаниялар тобының тең иесі, «NurZholCompany» ЖШС Байқау кеңесінің төрағасы, «KazGrain» Ұлттық экспорттаушылар қауымдастығы басқарма кеңесінің төрағасы, «KIT» Кәсіпкерлер бизнес қауымдастығы басқармасының мүшесі, Қазақстан ұлттық экспедиторлар қауымдастығының (АНЭК) мүшесі, Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі және теміржол көлігі жөніндегі комиссияның төрағасы болып табылады.

Қанат Көбесов көлік саласында 25 жылдық кәсіби тәжірибеге ие, оның ішінде квазимемлекеттік және жеке бизнес секторларында жұмыс істеген. Сонымен қатар, ол Семей қаласындағы аз қамтылған балаларға арналған «Жас Абай» және «Ару Зере» мектептерінің меценаты және қамқоршысы ретінде танымал.

Отырыста алдағы кезеңге арналған салалық кеңестің жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ магистральдық теміржол желісі (МТЖ) қызметтерінің тарифін көтеру және оның көлік-логистикалық нарыққа ықпалы сияқты маңызды салалық мәселелер талқыланды.

Кеңес мүшелері алдында сөз сөйлеген Қанат Көбесов саланың басым міндеттерін шешу, логистикалық инфрақұрылымды дамыту, заманауи технологияларды енгізу және кәсіпкерлерді қолдау бағытында белсенді жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Ол сондай-ақ кеңес мүшелерін конструктивті диалогқа, бірлескен жұмысқа және көлік-логистика саласын дамыту бойынша тиімді шешімдер іздеуге шақырды. Қанат Көбесовтың төрағалыққа сайлануы салалық кеңестің рөлін нығайтуға, оның тиімділігін арттыруға және көлік-логистика саласының одан әрі тұрақты дамуы үшін кәсіби қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер