«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматыда білім беру және денсаулық сақтау мәселелері бойынша салалық кеңестің отырысы өтті

2025 жылғы 27 Сәуір
- Алматы қаласы
790 просмотров

Дереккөз: Алматы қаласының «Атамекен» ӨКП

Іс-шараға бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, сондай-ақ аймақтық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Әлібек Оразов қатысты.

Кездесудің басты тақырыптарының бірі техникалық және кәсіби білімнің қолжетімділігі болды. VII шақырылымдағы мәслихат депутаты Райхан Бөлекбаева техникалық, технологиялық және ауыл шаруашылығы мамандықтарына бөлінетін гранттардың мөлшерін 1 пайыздан 20 пайызға дейін ұлғайтуды ұсынды. Оның айтуынша, жұмысшы мамандықтар жылы — ескірген нормаларды қайта қарап, жаңа әрі өзекті бастамаларды енгізуге тамаша мүмкіндік.

КДЛ «Олимп» директоры Арнат Алжанов білікті мамандардың жетіспеушілігін өткір мәселе ретінде көтерді. Ол бизнестің мамандарды даярлауға қызығушылық танытып, ақылы бөлімдерде оқып, жақсы нәтиже көрсеткен студенттерге қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.

«Студенттерге бизнес тарапынан қосымша гранттар бөлу арқылы біз тек кадр мәселесін ғана емес, әлеуметтік мәселені де шешеміз», — деп атап өтті ол.

Онкологтар қауымдастығының белселнді мүшесі Мұрат Сақтағанов медицинада біліктілікті арттыру тек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына қолжетімді.  Ол жеке меншіктегі медициналық ұйымдардың бұл жұмысқа қатысу аясын кеңейтуді ұсынды.

Салалық кеңестің төрайымы Эльмира Ауезова кәсіпкерлер үшін бизнес тексерулеріне қатысты тегін мастер-класстар ұйымдастыру бастамасын көтерді. Сондай-ақ, ол колледж студенттері арасында кәсіби даму және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру мақсатында түрлі байқаулар  ұйымдастыруды ұсынды.

Барлық көтерілген бастамалар мен ұсыныстарды салалық кеңес мүшелері мемлекеттік органдарға жолдамақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер