«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ұлытау облысында "Үздік слесарь" байқауы өтті

2025 жылғы 16 Мамыр
- Ұлытау облысы
198 просмотров

«Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжі «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында слесарлық ісі  мамандығы бойынша «Junior Skills Kazakhmys-2025» кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастырды. «Қазақмыс» корпорациясының технологиялық колледжі, Сәтбаев индустриалды колледжі, Тау-кен металлургия колледжі және Әлкей Марғұлан атындағы мектеп оқушылары арасынан үздік механизатор таңдалды.
 

Қазылар алқасының құрамында «Kazakhmys Maintenanse Services» ЖШС, «Батыс » және «Оңтүстік» кеніштерінің, Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының және «Ұлытау дарыны» оқу орталығының өкілдері болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
Бас жүлдені Секен Әділет, 1-орынды Айбек Әуезхан А, 2-орынды Сұлтан Жайлаубек, 3-орынды Батырлан Жақып жеңіп алды. «Junior Skills 2025» бағдарламасының мақсаты – кәсіптік бағдар беру, қолмен және механикалық металл өңдеу саласындағы практикалық дағдыларды дамыту, дарынды жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ «жұмысшы мамандықтар беделін арттыру», - деп колледж директоры Елена Букашкина атап өтті. Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы Жаухар Тұрсынова мұндай іс-шараларды өткізу колледждер мен әлеуметтік серіктестер арасындағы әріптестікті нығайтуға септігін тигізетінін баса айтты. –Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасы оқу орындары мен жұмыс берушілер арасындағы дәнекер қызметін атқарып, дуальді оқытуды дамытуға және түлектерді жұмысқа орналастыруға атсалысуда.



 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер