«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өзін-өзі таныту мүмкіндіктері туралы

2025 жылғы 26 Мамыр
- Жетісу облысы
1455 просмотров

Дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған өңірлік конкурстарды өткізу алдында және әлеуетті қатысушылар үшін «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсында өтінім беру тәртібі, қатысу ережелері, артықшылықтары және басқа да маңызды сәттер түсіндірілетін семинар өткізіледі. Жетісу облысының бизнес субъектілері үшін оқыту іс-шарасын «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы (бұдан әрі – ҚР ҰҚП) өкілдері өткізді. 

Жалпы оқу іс-шарасына ірі және орта бизнес субъектілерінен де, шағын кәсіпкерлік өкілдерінен де 40-қа жуық тыңдаушы қатысты. Оларды қарсы ала отырып, республикалық конкурстарды ұйымдастыру жөніндегі Басқарушы директор «Атамекен» ҚР ҰКП қоғаммен байланыс департаменті директорының орынбасары Мерей Исаева Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс 2006 жылдан бастап еліміздің өндіріс және қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорындарын анықтау және көтермелеу мақсатында өткізіліп келе жатқанын атап өтті. Байқауға қатысу менеджмент пен өндірістік стандарттардың деңгейін көрсетіп қана қоймай, даму үшін қуатты серпін алуға мүмкіндік береді. 

«Қазақстанның ең үздік тауары» көрме-конкурсына қатысты толық ақпаратпен қоғаммен байланыс департаментінің 1 санатты сарапшысы Бағдат Аяпбеков сөз сөйледі. Тауар өндірушілердің осы конкурсқа қатысу шарттары мен тәртібін түсіндіре отырып, жеңімпаздарды іріктеу қандай номинациялар бойынша жүргізілетінін атап өтті: Өндірістік мақсаттағы тауарлар, халыққа арналған тауарлар және азық-түлік тауарлары. Спикер байқауға қатысу менеджмент пен өндірістік стандарттардың деңгейін көрсетіп қана қоймай, даму үшін қуатты серпін алуға мүмкіндік беретінін атап өтті. 

Облыстың Кәсіпкерлер палатасының директоры Дәурен Оңалбаев мұндай іс-шаралар өңірдің бизнес-қоғамдастығы үшін тиімді коммуникациялық алаңға айналатынын атап өтті. 

Семинар соңында қатысушылар жан-жақты ақпарат пен практикалық ұсыныстар алды, сондай-ақ ҰКП өкілдеріне қызығушылық танытқан сұрақтарды тікелей қою мүмкіндігіне ие болды. 

Естеріңізге сала кетейік, қатысуға өтінімді 1 шілдеге дейін — «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы немесе конкурстың ресми сайтында онлайн тапсыруға болады: www.altynsapa.kz.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер