«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы БАӘ-ден келген девелоперлермен инвестициялық жобаларды талқылауға бастамашы болды

2025 жылғы 03 Маусым
- Алматы қаласы
286 просмотров

Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Біріккен Араб Әмірліктері бизнес өкілдерімен келіссөздердің бастамашысы болды.

Шоканов Нұрсұлтан Нұрланұлының жетекшілігімен палатаның өңірлік кеңесінің Дубайға ұйымдастырылған іскерлік сапары аясында Dubai Chambers, қалалық билік және ең ірі девелоперлік компаниялар, соның ішінде Azizi Group өкілдерімен маңызды кездесулер өткен еді.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде Алматыға Azizi Group компаниясының негізін қалаушы Мирвайс Азизи бастаған делегация келді. Қала әкімі Дархан Сатыбалдымен өткен ресми кездесуде тараптар құрылыс, туризм, қонақүй бизнесі мен өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Бұл бастамалар өңірлік экономиканың дамуына серпін беріп, Алматыны жаһандық инвестициялық картада нығайтуға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Экономиканың тұрақты өсуі, қолайлы іскерлік ахуал мен серіктестікке ашықтық мегаполисті халықаралық инвесторлар үшін тартымды бағытқа айналдырып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер