«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«GEOPARK ARAL» – Орталық Азиядағы тұңғыш геопарк

2025 жылғы 20 Маусым
- Қызылорда облысы
207 просмотров

Орталық Азиядағы алғашқы Геопарк Қызылорда облысы Арал ауданында құрылған. Туристік маршрут аясында ашық аспан астындағы мұражайлар, тарихи және геологиялық нысандар қамтылған. Геопарк өз жұмысын әлі де жандандыруда, өңірлік Атамекен кәсіпкерлер палатасы жергілікті туристік агенттіктермен келісімге келу, ақпараттық сүймелдеу сияқты шаралар арқылы Геопарк жұмысына қолдау білдіріп келеді.

Осы орайда,18 маусым күні ЗУМ платформасы арқылы Қызылорда өңіріндегі «GEOPARK ARAL» жұмысының тәжірибесімен бөлісу мақсатында селекторлық кездесу өтті.

Онлайн кездесуге UNESCO жаһандық геопарктер жөніндегі Қазақстан Ұлттық комитетінің төрағасы Нигматова Саида, "GEOPARK ARAL" қоғамдық қорының директоры Сауле Темірбек, "Атамекен" ҚР ҰКП Туризм департаменті мен мемлекеттік орган қызметкерлері және Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Ұлытау облыстарының өңірлік кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Басты мақсат еліміздегі құрылған әзірге жалғыз Геопарктың жұмысымен танысып, тәжірибе алу.

Осы ретте, Нигматова Саида  ЮНЕСКОның талаптары туралы ақпаратпен бөліссе, Сауле Темірбек геопарктың жұмысына тоқталып өтті.

"GEOPARK ARAL" қоғамдық қорының директоры Сауле Темірбектің айтуынша Геопарк құрудың ең басты алғышарттардың бірі жергілікті атқарушы биліктің қолдауы.

«Қызылорда облысы мен Арал ауданы әкімдігі бұл мәселеде тыс қалмай, қолдарынан келген көмекті аямады. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы да өз ретінде туризм саласының бизнес өкілдерімен келісімге келе отырып, келіссөздер жүргізді. Әрине, көрсеткен қолдауларыңыз үшін баршаңызға алғысым шексіз» деді Сауле Темірбек.

Кездесу нәтижесімен біздің тәжірибемізге сүйене отырып, еліміздің басқа да өңірлерінде Геопарк құру бойынша жұмыстар жасалатын болды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер