«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін кәсіпкерлермен және санитарлық-эпидемиологиялық бақылаумен талқылау

2025 жылғы 09 Маусым
- Ұлытау облысы
99 просмотров

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында өткен шағын және орта бизнес жөніндегі салалық кеңестің отырысында азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкерлердің санитарлық нормаларды сақтау мәселелері талқыланды.

Отырыста қатысушылар санитарлық талаптарды сақтау заңнамалық міндет қана емес, сонымен қатар халық денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты екенін атап өтті. Талқылау барысында қажетті құжаттардың, сертификаттардың, санитарлық кітапшалардың болуы және әрбір қызметкердің жеке гигиенаны сақтауын бақылау мәселелері қарастырылды. Жезқазған қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы міндетін атқарушы Ляззат Кадыкенова кәсіпкерлерге қолданыстағы санитарлық нормалар туралы ақпарат берудің маңыздылығын атап өтті. Отырыстың қорытындысы бойынша қатысушылар санитарлық талаптарды сақтау тек міндет емес, сонымен қатар азық-түлік өнімдерін сатумен айналысатын шағын және орта бизнес үшін табысты жұмыстың кепілі деген қорытындыға келді. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты күшейту, оның ішінде кәсіпкерлердің білім деңгейі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған оқыту семинарлары мен дөңгелек үстелдер өткізу жоспарлануда.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер