«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақмолада «Бір ауыл - бір өнім» жобалары бренд-комитетке таныстырылады

2025 жылғы 24 Шілде
- Ақмола облысы
595 просмотров

Көкшетау қаласында өткен «Бір ауыл — бір өнім» байқауында өңірге тән жергілікті шикізаттан сапалы өнім жасайтын ауыл өндірушілерінің үздік жобалары таныстырылды. 2023 жылдан бастап дәстүрге айналған іс-шараны Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы өткізіп келеді.

Мысалы, Атбасар ауданын нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндірумен айналысатын жеке кәсіпкер Айда Мейрамова таныстырды. Жоба қатысушысының айтуынша, наубайханада жұмыс істеген анасы оған кәсіп бастауда үлгі болған.


«Мұндай ауқымды іс-шараға алғаш рет қатысып жатырмын. Қатты уайымдадым, өйткені бүтін ауданиатынан шығу үлкен жауапкершілік. Нан-тоқаш өнімдерін өндіруге деген ұмтылыс дәнді дақылдардың түрлі сорттары өсірілетін алтын өңіріміз ынталандырды. Анам наубайханада жұмыс істеді, нанның хош иісі - балалық шағымның естелігі. Мен үшін нан, ауа сияқты, оны жан-тәніммен сезінемін. Диқан,наубай қызметіне құрметім ерекше. Біздің балалар круассанның дәмін ғана емес, сонымен қатар нанның моральдық-адамгершілік құндылығын білуі, есте сақтауы керек. Бұл үлкен еңбектің нәтижесі», - дейді Айда Мейрамова.

Көрмеде Бұланды ауданын астау, тостаған, табақ және басқа да дәстүрлі ыдыс-аяқ бұйымдарын өндірумен айналысатын Ынтымақ Монтай («ЖК Монтай») таныстырды. Барлық бұйымдар қазақ ою-өрнегімен ағаш ұсталығы дәстүрін ұқыпты сақтай отырып, қолдан жасалған. Ынтымақ Монтай 2017 жылы Қытайдан Қазақстанға көшіп келді. Бастапқыда ол әйгілі ағаш кесушілердің бірінде шәкірт болып жұмыс істеді. Ал 2019 жылдан бастап өзінің жеке ісін — ағаш шеберханасын ашты. Оның өнімдері бүгінде ұлттық қолөнерді білетіндер арасында танымал брендке айналды.

Әлия Қалиасқарова — Қосшы қаласынан келген қолөнерші. Ол өнердің осы түрін сақтауға өз үлесін қосып, сырмақ пен текемет сияқты киізден жасалған дәстүрлі қазақ бұйымдарын жасайды. Оның жұмысы АҚШ, Дания, Франция, және басқа елдерде сатылады. Кәсіпкер ұлттық шығармашылығымызды халықаралық деңгейде тануға ықпал етуде.

Целиноград ауданы Қараөткел ауылының кәсіпкері Бауыржан Жалғасбаев («Ақбота» ЖК) қуырылған тары жармасы, сары май, қант пен балдан жасалған дәстүрлі тәтті «жент» тағамын өндіруге маманданған. Еске салсақ, көрме қорытындысы бойынша алдағы кезеңдерге қатысу үшін он жоба іріктелді. Жартылай финалистер өз жобаларын бренд комитеті алдында қорғайды. Оны бағалау нәтижелері бойынша "Бір ауыл - бір өнім" жобасының үш финалисі анықталады. Олар өз кезегінде біздің облыс атынан республикалық көрмеге қатысады. Жеңімпаздар 5 миллион теңгеге дейін грант алуға байқауларға қатысу мүмкіндігіне ие. 

«Бір ауыл - бір өнім» жобасы кәсіпкерлік әлеуетті арттыру, жергілікті өндірісті дамыту, жергілікті шикізат негізінде құрылған бірегей тауарлар мен қызметтерді ілгерілетуге бағытталған. Көрмені өткізу кәсіпкер қатысушыларға тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде олардың бизнесін, жалпы өңір экономикасын дамытуға ықпал етеді», - деп атап өтті Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

 

Қазақстанда жоба 2023 жылы басталғаннан бері 2500-ден астам кәсіпкер қатысуға өтінім берді, 2000-нан астам өнім өндіруші «Бір ауыл - бір өнім» өңірлік көрмелеріне қатысты. 138 финалист таңдалды, олар 700-ден астам өнім түрін шығарады, ішінен 78-і қаржыландыру алды. Жобаның финалистері үшін 100-ден астам қаптама және логотип брендінің дизайны жасалды.


 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер