Қарағанды облысы бизнесі франчайзинг арқылы қалай дамиды
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында франчайзингті дамыту және бизнесті ауқымдандырудағы оның рөліне арналған кездесу өтті. Аймақ кәсіпкерлеріне франшиза пакетін әзірлеу, оны сүйемелдеу және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктері туралы ақпарат ұсынылды.
Франчайзинг бизнесті дамытудың ең жылдам әрі қауіпсіз тәсілдерінің бірі саналады. Өйткені кәсіпкер филиалдарды өз қаражатына ашпайды, керісінше серіктестік желі қалыптастырады. Жаңа нысандар бірыңғай бренд аясында жұмыс істейді, ал инвестицияны франчайзи салады.
«Франчайзинг арқылы ауқымдандыру кәсіпкерге тез дамуға, тәуекелді азайтуға және инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Қазақстанда мықты жобалар көп, бірақ олардың көбіне жүйелілік пен қаласынан тыс шығуға деген батылдық жетіспейді», - деп атап өтті Орталық Азия Франчайзинг Ассоциациясының (ЦААФ) төрайымы, Lanzhou мейрамханалар желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майгарина.
ЦААФ төрағасының орынбасары Сейсенғали Қалиақпаров бизнесті франчайзинг арқылы дамытудағы негізгі қадамдарға тоқталды:
«Стандартталған модельсіз, персоналды оқытусыз және тиімді IT-жүйелерді енгізбестен франшиза тұрақты дами алмайды. Дәл осы құралдар бизнестің өсуіне әрі сапаны сақтауға мүмкіндік береді», - деді Сейсенғали Шаймұратұлы.
Кәсіпкерлердің назарын ерекше аударған жоба - «Атамекен» ҰКП мен Respublica партиясының қолдауымен ұйымдастырылған ұлттық KazBrand байқауы. Оның мақсаты -жергілікті жобаларды ауқымды брендке айналдыру.
KazBrand байқауына тіркелу www.kazbrand.asia сайтында 5 қыркүйекке дейін жалғасады. Қатысу - тегін!
Үш жеңімпазға құны 7 млн теңгеден асатын толық франшиза әзірлеу, үздік сарапшылардың бір жылдық сүйемелдеуі, даму стратегиясы мен франшизаны сатуға қолдау, сондай-ақ маркетингтік және заңгерлік көмек көрсетіледі.Тіркелу сілтемесі: https://kazbrand2.bitrix24.site/crm_form_vugpw/
«Қазақстанда әлеуетті жобалар өте көп, бірақ көпшілігі бір қаланың аясынан шығуға батылдық пен жүйеден қалыс қалып отыр. Менің мақсатым - бизнесті тез, сауатты әрі тәуекелі аз жолмен ауқымдандыруға болатынын дәлелдеу», - деді Гүлбану Майгарина.
Оның айтуынша, қазақстандық франчайзинг нарығы өсіп келеді: 2024 жылы тауар таңбаларын тіркеу 10,8 %-ға, ал франчайзинг шарттары 58,1 %-ға артқан. Алайда сала әлі күнге дейін франшиза тізілімінің және орау стандарттарының жоқтығына тап болып отыр. ЦААФ франшиза «ораушыларын» аккредитациядан өткізіп, Орталық Азия франшизаларының бірыңғай каталогын жасауды ұсынып отыр.
«KazBrand - идеяларды нақты жұмыс істейтін франшизаға айналдыратын практикалық алаң. Көптеген компания үшін бұл жергілікті жетістіктен ұлттық әрі халықаралық деңгейге шығудың алғашқы қадамы болмақ», - деп қосты Гүлбану Майгарина.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: