Еңбек заңнамасын сақтау қауіпсіз әрі тиімді жұмыс ортасының кепілі
Бүгін Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасында еңбек заңнамасы, жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері және еңбек қатынастарындағы өзекті мәселелер төңірегінде келелі кездесу өтті.
Кәсіпкерлер мен мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен өткен бұл жиында жұмыс орындарындағы құқықтық тәртіп, еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету жайы жан-жақты қозғалды.
Еңбек қатынастарына қатысты негізгі нормалар мен талаптарды айқындайтын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі – жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара міндет пен жауапкершіліктің құқықтық негізі екені айтылды. Кодекс талаптары еңбек тәртібі мен жұмыс уақытының ұзақтығын, демалыс күндерін белгілеуден бастап, өндірістік қауіпсіздік пен әлеуметтік қорғауға дейінгі бірқатар маңызды салаларды қамтиды.
Кездесу аясында жұмыс берушінің заңмен бекітілген құқықтары нақты талданып, олардың қатарында қызметкерді жұмысқа қабылдау немесе босату, ішкі еңбек тәртібін бекіту, еңбек міндеттерінің уақытылы әрі сапалы орындалуын талап ету, сондай-ақ көтермелеу немесе тәртіптік жаза қолдану құқығы бары айтылды. Сондай-ақ, жұмыс берушінің басты міндеттеріне қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, заңнамалық талаптарды бұлжытпай орындау, жалақыны толық әрі уақытында төлеу, әлеуметтік аударымдарды жүзеге асыру және қызметкерлердің кәсіби дамуына жағдай туғызу жатады.
Басқосуда еңбек қауіпсіздігін арттыру мен өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу мәселелері де шет қалмады. Жалақы төлеудің ашықтығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара сенім мен құрметті нығайту, еңбек дауларын сотқа жеткізбей, келіссөз немесе медиация арқылы шешу – қазіргі еңбек нарығының басты талабы ретінде атап өтілді.

Жиынды қорытындылай келе «Әрбір қызметкер де, жұмыс беруші де еңбек заңнамасын сақтауға жауапты. Ол біздің тек міндетімез ғана емес, бір-бірімізге деген құрметтің көрінісі»,- деді Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Қали Жанель.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: