«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шығыс Қазақстан облысында туризмнің дамуы мен инфрақұрылымдық мәселелер талқыланды

2025 жылғы 16 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
525 просмотров

Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасында туризмді дамыту жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Жиында жазғы маусымның қорытындысы шығарылып, күзгі жоспарлар талқыланды. Туристер саны мен инвестициялар көлемі бойынша оң көрсеткіштерге қарамастан, кәсіпкерлер шұғыл шешімді талап ететін бірқатар маңызды мәселелерді көтерді.
Туристік бизнестің басты алаңдаушылығы Риддер маңындағы көпірлердің жағдайына қатысты болды. Олар ең танымал туристік бағыттарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді, ал олардың апаттық жағдайы ішкі туризмнің дамуына тікелей қауіп төндіруде.
«Вояж-Алтайский Казахстан» туристік фирмасының директоры Ирина Клиновицкая тек Риддер көпірлерін ғана емес, облыстың өзге де өткелдерін кешенді түрде мониторингтен өткізуді ұсынды, өйткені күрделі жағдай барлық жерде байқалуда.


«Туристер үнемі ағылатын осындай орындардың тізімін жасап, олардың жаңғырту жоспарын әзірлеу қажет», - деді Ирина Клиновицкая.


Тағы бір мәселе – судағы демалыстың қауіпсіздігі.
Шығыс Қазақстан облысының туризм басқармасыныны туризмді дамыту бөлім басшысының міндетін атқарушы Ислана Ластаеваның айтуынша, биыл 25 ресми демалыс орны белгіленсе, соның тек 8-і ғана толық жабдықталған. Жағажайлардың көпшілігінде қалқымалар, құтқару бекеттері, жедел жәрдем станциялары және ақпараттық тақталар жоқ. Сонымен қатар, облысқа туристік ағын артып келеді: тек 2025 жылдың екінші тоқсанында ғана облысқа 206 мыңнан астам турист келді, оның 8 мыңы шетелдіктер. 


"Біз оң үрдістерді байқап отырмыз: туризм дамып, инвестиция көлемі артып келеді. Бірақ көпірлер мен жағажайлардың жағдайы көп нәрсені қалайды. Бизнес жобаларға инвестиция салуға дайын, бірақ мемлекеттік органдардың қолдауы мен жүйелі шешімінсіз барлық күш-жігер босқа кетеді", - деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлік палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Сәкен Абдуллин.


Сонымен қатар, өңірде абаттандыру бойынша жобалар жүзеге асырылуда. Жаңа Бұқтырмада қоғамдық жағажай мен "Арбат" жаяу жүргіншілер аймағын құру жоспарлануда, Шалқар көлі ауданында жағалау аумағын жайластыру жүргізілуде. Дегенмен, бизнес оқшауланған жобалардың жүйелік проблемаларды шешпейтінін баса айтады.


Кездесуге қатысушылар өзекті мәселелерді саралаумен қатар, таяу болашаққа арналған жоспарларды белгіледі. Биылғы күзде облыста ірі іс-шаралар өтеді: «Altay Invest» форумы, «Шығыс салбурыны» халықаралық туристік фестивалі және Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеу.


Туризмді дамыту жөніндегі кеңес төрағасы Сымбат Рамазановтың айтуынша, бұл туроператорлар мен кәсіпкерлер үшін жай ғана мәдени іс-шаралар емес, олардың жеке жобаларын ілгерілету және серіктестер мен инвесторларды тарту алаңдары. Кеңес мүшелері бұл іс-шаралардың сәтті аяқталуы сала үшін маңызды драйвер бола алатынын және еліміздің туризм картасында Шығыс Қазақстанның позициясын нығайта алатынын атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174