«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО-да «Біріңғай есеп күні»: бизнес пен мемлекеттік органдар бір алаңда

2025 жылғы 18 Қыркүйек
- Шығыс Қазақстан облысы
375 просмотров

Өскеменде кәсіпкерлер мемлекеттік және қадағалаушы органдар өкілдерімен тікелей өзекті мәселелерді талқылай алатын жыл сайынғы кездесу өтеді.

Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен жүзеге асырылып, бизнестегі әкімшілік қысымды азайтудың тиімді құралы ретінде өзін көрсетті.

Әкімшілік қысымды азайту жөніндегі мәлімдемелерге қарамастан, кәсіпкерлер әлі күнге дейін көптеген кедергілерге тап болып отыр: күрделі рұқсат беру рәсімдері, жиі тексерулер, санитарлық және экологиялық нормалардағы қайшылықтар. Дәл осы мәселелер кездесудің басты тақырыбына айналмақ.

«Біріңғай есеп күні» кәсіпкерлерге ашық форматта көкейкесті сұрақтарын қоюға, нақты жауап алуға және бақылау жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай диалог бизнестің жұмысын жеңілдететін айқын әрі әділ ережелерді қалыптастыруға жол ашады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев бизнес қауымдастықты талқылауға белсенді қатысуға шақырды.

«Тек бірлескен күш-жігер ғана айқын әрі әділ бақылау жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі күні бизнес үшін ресми есептерді есту емес, нақты нәтижелерді көру және жұмыс жағдайларының шынайы жақсаруын сезіну маңызды», - деді Қайрат Мамырбаев.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы қаланың барлық бизнес өкілдерін шараға қатысып, тәжірибелерімен бөлісуге және өз ұсыныстарын айтуға шақырады.

«Біріңғай есеп күні» бақылаушы-қадағалаушы органдардың бизнес қауымдастық алдындағы есебі 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 11:00-де облыс әкімінің орынбасарының төрағалығымен ZOOM платформасында өтеді.

Қатысуды растау үшін 8(7232) 71-32-65 телефоны немесе msb713265@yandex.kz электронды поштасы арқылы хабарласуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174