«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Түпнұсқа аударма және бірдей қаріп»: Қостанай облысының Кәсіпкерлер Палатасы көрнекі ақпарат ережелерін түсіндірді

2025 жылғы 07 Қараша
- Қостанай облысы
435 просмотров

Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасында әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі салалық кеңестің отырысы өтті. Онда бизнес үшін маңызды тақырып талқыланды: тіл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес көрнекі ақпарат пен жарнаманы ресімдеудегі сауаттылық деңгейін арттыру. Тәжірибе көрсеткендей, «Тілдер туралы» ҚР Заңы мен «Жарнама туралы» ҚР Заңының базалық нормаларын сақтамау – бизнес субъектілері үшін әкімшілік айыппұлдардың жиі кездесетін себептерінің бірі.


Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Надежда Костенюктің айтуынша, көрнекі ақпарат (маңдайшалар, хабарландырулар, баға белгілері, прейскуранттар) мемлекеттік тілде (қазақ тілінде), ал қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа да тілдерде орналастырылуға тиіс. Дегенмен, мәтінді аудару жеткіліксіз, дизайн ережелерін сақтау маңызды. Көрнекі ақпаратты орналастыру жөніндегі талаптарды бұзу «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне (ҚР ӘҚБтК) сәйкес әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

Салада қажетсіз айыппұлдарды болдырмау және мемлекеттік тілге деген құрметті арттыру үшін бизнеске барлық көрнекі ақпараттың (маңдайшалар, бланкілер, мөрлер, баға белгілері) тіл заңнамасына сәйкестігіне ішкі аудит жүргізу маңыздылығы түсіндірілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174