«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ШҚО кәсіпкер-әйелдері Астанадағы Ұлттық слетте өңірді таныстырды

2025 жылғы 21 Қараша
- Шығыс Қазақстан облысы
152 просмотров

Іс-шара «Атамекен» ҰКП қолдауымен өтіп, тәжірибе алмасу, білім алу, мемлекеттік органдармен диалог орнату және әйелдер бизнесін дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді талқылауға арналған кең көлемді алаңға айналды.

Слет бағдарламасына білім беру және бизнес, қаржыландыруға қолжетімділік, әйелдердің саясаттағы рөлі, цифрлық маркетинг және табысты кәсіпкерлік кейстері бойынша панельдік сессиялар енді.

Қатысушыларды ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі өкілдері, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП басшылығы құттықтады.

Слеттің маңызды сәтінің бірі - «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумының төрағасы Раимбек Баталов пен Әйелдер кәсіпкерлігі комитетінің төрайымы Ләйлә Күленованың алғыс хаттар мен гүлдерді табыстауы болды.

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы 16 қатысушыдан тұрды. Олардың қатарында бизнес жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдардың, оқу орталықтары, әлеуметтік кәсіпкерлік, сауда және туризм саласының өкілдері бар.

Қатысушылар слетке қатысу кәсіби дамуларында және іскерлік байланыстарды нығайтуда маңызды кезең болғанын атап өтті. Олар өз бизнесінің қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосқан ШҚО Кәсіпкерлер палатасына ерекше алғыс білдірді.

«Кәсіпкерлер палатасының қолдауы әйелдер бастамаларымен жүйелі жұмыс құруға мүмкіндік берді. Кеңестер мен бірлескен жобалардың арқасында біз өңірдегі әйел кәсіпкерлерді біріктіріп, олардың дауысын ұлттық деңгейде күшейте алдық», - деді Өңірлік іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Елена Березинская-Абилова.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының салалық әйелдер кәсіпкерлігі кеңесінің төрайымы Алтынай Төлеуханның айтуынша, Ұлттық слетке шығысқазақстандық кәсіпкер әйелдердің қатысуы өңірді жалпыұлттық платформада таныстыруға, бизнес дамытуға арналған жаңа білім мен құралдар алуға, жетекші сарапшылар және мемлекеттік органдармен байланыс орнатуға, басқа өңір кәсіпкер әйелдерінің табысты тәжірибесінен шабыт алуға, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау көрсетудің маңызын атап өтуге мүмкіндік берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174