«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ЖАҢАҚОРҒАНДЫҚ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ

2025 жылғы 14 Қараша
- Қызылорда облысы
119 просмотров

12 қараша күні Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, кеңес мүшелері, палата директоры Пірмұхаммед Сыздық және мемлекеттік мекеме, құзырлы орган, микрокредиттік ұйым өкілдері әрі қарай Жаңақорған ауданының кәсіпкерлерімен кездесті.

Ауданда қонақтар бірінші кезекте бірнеше кәсіпкерлік нысанды аралады. Оның ішінде жол бойындағы сервистік қызмет көрсету кешенінің “Engineering & Construction Company” ЖШС жұмысымен танысты. Мұнда май құйю бекеті, қонақ үй, асхана және жолаушыға қажетті барлық қызмет түрлері бар. Кешеннің ашылуы жуырда күтіліп отыр. Сонымен бірге, облыс делегациясы “Шалқия тас” ЖШС зауытын тамашалап қайтты.

  

Негізгі жиын алдында кеңес мүшелері мен палата директоры аудан әкімінің орынбасары Бахтияр Ахметовпен кездесіп, Жаңақорғанның кәсіпкерлік саласындағы әлеуетін, атқарылған жұмыстары мен алдағы жоспарларын талқылады. Сонан соң аудандық Руханият орталығымен және ондағы мұражаймен танысты.

  

Кездесуді Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Бахтияр Ахметов жүргізді. Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов өз кезегінде жұмысшы топтың миссиясын және кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау түрлеріне тоқталды. Бұдан бөлек, Жаңақорған аудан прокурорының уақытша міндетін атқарушы Әділжан Сыздықов инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жан-жақты қолдау көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен қатар прокуратура органдары тарапынан жүргізілген шаралар жөнінде баяндады.

Жиынға арнайы келген мемлекеттік, квазимемлекеттік сектор және қаржы ұйымдарының өкілдері мемлекеттік қолдау шараларына кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шараға аудан орталығынан және ауылдық округтерден келген кәсіпкерлер өз мәселелерін айтып, сұрақтарына жауап алды. Бизнес өкілдері қаржы ұйымдарының өкілдері жиірек аудан орталығына келіп, қабылдау өткізсе, ауыл тұрғындарының мәселесі шешілер еді деген ұсыныстарын білдірді.

Кездесуде айтылған мәселелер мен ұсыныс-пікірлер алдағы уақытта Өңірлік кеңес отырысына шығарылатын болады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174