«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әйелдердің кәсіпкерлігін қолдау және дамыту

2025 жылғы 01 Желтоқсан
- Ұлытау облысы
83 просмотров

Астанада Түркі елдеріндегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралар өтті: Түркі мемлекеттерінің әйел кәсіпкерлер кеңесінің IV Бас Ассамблеясы және «Women Forward: Бизнес» форум-көрмесі. 

Форумның басты мақсаты — бизнес-жобаларды жүзеге асырып жүрген әйелдерді біріктіру, сондай-ақ олардың халықаралық кәсіпкерлік ортадағы мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасау. Панельдік пікірталастарда әйелдер кездесіп отырған  мәселелі сұрақтар мен оларды шешу жолдары талқыланды. Іс шараға Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан және өзге де елдердің сарапшылары,кәсіпкерлер, инвесторлар, мемлекеттік институттардың өкілдері қатысты.
Ұлытау облысының атынан белсенді және табысты кәсіпкер әйелдер — Турсынай Ибадатова, Гүлнара Загирова, Марал Жараспаева және Роза Рымбаева қатысты. Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Каженованың айтуынша, форум тікелей диалог орнатуға мүмкіндік берген маңызды алаң болды:
– Форумның арқасында өңірлерден келген кәсіпкер әйелдер өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, бүгінгі әйелдер бизнесін алаңдатқан өзекті мәселелерді талқылай алды. Талқылаулардың басым бөлігі қаржыландыру бағдарламаларына, субсидияларға және халықаралық гранттарға қатысты болды, — деді ол.
Түркі мемлекеттерінің сауда-өнеркәсіп палаталары одағы жанындағы әйел кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова форумның жаңа технологияларды енгізу, халықаралық ынтымақтастықты дамыту және әйелдердің экономикадағы рөлін күшейтуге бағытталғанын атап өтті.
АSМАR-дың мерейтойына орай бір топ әйел «Bedeldi biznes» мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174