«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

"Парыз" конкурсы

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпорындарын Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсына қатысуға шақырады. 
 
Конкурс Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында өткізіледі және оған шағын кәсіпкерліктің субъектілері қатыса алады. Конкурс лауреттары атақтары екі санатта беріледі:
1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері
2) ірі кәсіпкерлік субъектісі
Конкурс халықты корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік мәселелері бойынша кеңінен ақпараттандыруға бағытталған. Жалпы, 4 номинация қарастырылған: «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт» және «Экологияға үлес қосқаны үшін».
«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеу, еңбекті қорғау, кадрларды кәсіптік даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және т.б.) іске асыратын үміткерлердің кызметі қаралады;
«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинацияда еңбек кызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға мүмкіндік беретін еңбек жағдайларын жасайтын үміткерлердің қызметі қаралады;
«Үздік ұжымдық шарт» номинацияда ҚР заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады.
Қоршаған ортаны жақсарту бойынша табиғат қорғау (экологиялық) бағдарламаларды іске асыру кезінде ерекше көзге түскен кәсіпорындар «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясында сайысқа түседі.
 
Қатысуға ниет білдірген кәсіпорындардың өтінімдері 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады. 
 
Қосымша ақпарат алу үшін (7212) 506 420 номерлеріне хабарласуыңызға болады, ал толтырылған өтінімдер мен анкеталарыңызды a.kabiev@palata.kz электронды поштасына жіберуіңізге болады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер