«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Atameken Business

Бизнес-күнтізбе

.

Көрмелер кестесі

Бизнес-тренерлерді іріктеу процесі

1.  Бос жұмыс орны және бизнес-тренерлерді (тәлімгер) қабылдау туралы ақпараттық хабарлама. Бастапқы түйіндемелер және сауалнамаларды қабылдау және іріктеу.

2. Практикалық тапсырма. Орындалған практикалық тапсырмаларды талдау. Бағалау және таңдау.

3. Бизнес тренерлердің іріктеу-топтарын құрау.

4. Тренерлердің іріктеуін өткізу, бағалау мен таңдау.

5. Жұмыс істеп жатқан және қордағы бизнес-тренерлердің деректер базасын қалыптастыру.

6. Өңірлер бойынша бөлу.

Бос жұмыс орны және бизнес-тренерлерді (тәлімгер) қабылдау туралы ақпараттық хабарлама

 Бос жұмыс орны және бизнес-тренерлерді қабылдау туралы ақпараттандыру келесі құралдар арқылы жүргізіледі:

  • Хабарламаларды hh.kz, atameken.kz интернет ресурстарына және ҰКП мен «Бастау» жобасының әлеуметтік желілеріндегі ресми арналарына жариялау.
  • Осындай қызметтерді ұсынуға маманданған қоғамдастықтар мен кәсіби компаниялар қауымдастықтарын хабардар ету.
  • Облыс және аудан деңгейінде өңірлік кәсіпкерлер палаталары желілерінің филиалдық желісі арқылы жария ету.
  • Қазіргі таңда жобада жұмыс істеп жатқан бизнес-тренерлердық қалыптастқан қоғамдастығы арқылы хабарлау.
  • Әлеуетті бизнес-тренер cvbastau@gmail.com электронды мекенжайға түйіндемесін жіберуі керек.

Аталған хабарландыруларда бизнес-тренерлерден сұралатын негізгі біліктілік талаптар және олардың жұмысына қойылатын базалық шарттар.

 Бастапқы түйіндемелер мен сауалнамаларды іріктеу мен жинақтау. Бағалау мен іріктеудің критерийлері

Сәйкестендіру, біріктіру және салыстырмалы талдау жасау мақсатында үміткерлер үшін әлеуетті бизнес-тренерге арналған сауалнама және қаржылық модельдік тапсырмалар жасалды. Бизнес-тренер жұмысының кәсіби тәжірибесі мен background қарастырылады.

Практикалық тапсырмаларды орындау анализі. Бағалау мен іріктеу критерийлері

 Біліктілік талаптарына сай келген үміткерлерге электронды пошта арқылы жұмыс практикалық тапсырмалар жіберіледі. Тапсырмалар мақсаты – бизнес-жоспарлау, кәсіпкерлік мәселелеріне қатысты кеңес беру бойынша кәсіби жарамдылығы жағынан үміткерлердің нақты білімін, дағдыларын және қабілеттерін бағалау.

 Тапсырма 18 сұрақтан тұрады. Алғашқы 9 сұрақ маркетинг, салық салу, құқық, бизнес ойлау мен менеджменттегі психологияға бағытталған. Сұрақтардың 9-18 аралығындағы екінші блогы бизнес-жоспарлауға қатысты, олар тікелей тапсырмадан тұрады. Сұрақтардың екінші блогы бизнес-жоспардың қаржылық моделін құруға бағытталған. Тапсырманы орындау нәтижесі үміткердің практикалық бизнес жобалауға дайындық деңгейін анықтауға көмектеседі.

Бизнес-тренерлердің тобын қалыптастыру

Бизнес-тренерлікке (тәлімгер) үміткерлер орындаған тапсырмалары негізінде қызмет көрсетуге жеткілікті біліктілік деңгейі, білімі мен дағдыларын тексеру жүргізіледі.

Кандидаттардың құзыреттілік деңгейінің жиынтық салыстырмалы кестесі жасалады.

Осы ақпарат негізінде үміткерлерді оқыту мен бағалаудың күндізгі бөліміне шақырылғандардың тізіміне қосу туралы шешім қабылданады. «Бастау» жобасына бизнес-тренерлікке әр үміткерге арнап жеке ісі жүргізіледі.

Тренерлерді іріктеуді өткізу форматы, бағалау мен іріктеу критерийлері

 Бизнес-тренерлерге үміткерлерге арналған тренерлерді іріктеуді өткізу форматы. Ұзақтығы: 8 сағаттан 5 күн. Формасы: Интерактивті.

Бағалау критерийлері:

  1. Ел алдында сөйлеу дағдылары және пән бойынша білім деңгейі;
  2. Бизнес-тренердің психологиялық портреті;
  3. Кеңес беру және бизнес-жоспарларды әзірлеу саласындағы практикалық дағдылар;
  4. Мемлекеттік тілді білу деңгейі.

 Тренерлерді іріктеу процедурасын біріздендіру және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында тренерлер іріктеуін жүргізу туралы ережелер әзірленді.

Ел алдында сөйлеу дағдылары және пән бойынша білім деңгейін анықтау мақсатында оқу бағдарламасының бір модулі тақырыбында үміткердің сөз сөйлеу өнерінің аралас формасы қолданылады.

Үміткер дайындығының сапасы мен деңгейін бағалау үшін бағалау формасы қолданылады.

Жоғарыда көрсетілген форма негізінде әр үміткердің кесте түрінде әрбір критерий бойынша жиынтық бағасы және орташа баллы қалыптастырылады. Үміткерлердің сөз өнері қорытындысы бойынша жиынтық салыстырмалы кесте қалыптастырылады.

Үміткердің психологиялық портретін қалыптастыру және қимыл-әрекетін түзеу мақсатында тренерлерді іріктеу процесінде психолог қатысушылардың жиынтық портретін қалыптастырады және тәртіп моделдері туралы  пікір мен ұсынымдар қалдырады.

 Кеңес беру және бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша практикалық дағдылардың деңгейін анықтау мақсатында үміткерлерге жұмыс тапсырмалар мен бизнес-жоспардың қаржы моделінің үлгісі беріледі. Тапсырмалар жұмыстың консультациялық аспектілері және бизнес-жоспарлардың кірмелі деректерін талдау бойынша мәселелер, олардың талдауы, ұсыныстар мен бизнес-жобалардың қаржылық талдауынан тұрады.

 Үміткерлермен кеңесті жүргізу үшін сарапшылармен ішкі кеңестердің кестесі құралады.

 Үміткер сарапшыдан екі консультация алуға мүмкіндікті алып жұмыс тапсырманы орындайды, соның нәтижесі бойынша есеп дайындайды.

 Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында үміткерлер ҚАЗТЕСТТЕН өтеді. Интерактивті тестілеу бизнес-тренерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.

 Тестілеу kazakhtest.kz/KAZTEST/ жүйесі бойынша жүргізілді. ҚАЗТЕСТ жүйесі – Қазақстан Республикасында азаматтардың мемлекеттік тілді білуінің деңгейін бағалау жүйесі.  ҚАЗТЕСТ – TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ сынды халықаралық тілдерді бағалау жүйесінің принциптеріне негізделген.

 ҚАЗТЕСТ жүйесінде тілдің білімді бағалаудың деңгейлік жүйесі негізге алынған. Жүйе бойынша қазақ тілін келесі деңгейлер бойынша білу көлемін анықтауға мүмкіндік бар:

  • А1 деңгейі (күн көріс деңгейі/ Breakthrough) – Қарапайым деңгей,
  • А2 деңгей (шектікке дейінгі деңгей/Waystage) – Базалық деңгей,
  • В1 деңгейі (шектік деңгей/Threshold) – Орта деңгей,
  • В2 (шектік ілгері деңгей /Vantage) – Ортадан жоғары деңгей,
  • С1 (кәсіби білім деңгейі/Effective Operational Proficiency) – Жоғары деңгей,
  • С2 деңгейі (жетік білу /Mastery). 

Деңгейлер

Балл

Күн көріс деңгейі

31-64 балл

Шектікке дейінгі деңгей

65-104 балл

Шектік деңгей

105-119 балл

Шектік ілгері деңгей

120-134 балл

Кәсіби білк деңгейі

135-145 балл

Жетік білу деңгейі

146-150 балл


Тестілеу аяқталған соң әр қатысушының нәтижесі ақпараттық анықтама ретінде басылып шығарылады.

Тренерлерді іріктеуді өткізудің қорытынды нәтижесі және кандидаттарды бағалау нәтижесі жалпы жиынтық кестеге біріктіріледі. Әлеуетті бизнес-тренерге қосымшасымен бірге курс аяқталғаны туралы сертификат беріледі, онда жоғарыда аталған критерийлері бойынша баллдар көрсетілген.

 Жұмыс істеп жатқан және қордағы бизнес-тренерлердің деректер базасын қалыптастыру

Жоғарыда аталған процедуралар және кандидаттардың біліктілігін анықтау негізінде бизнес-тренерлерді жұмыс істейтін және қорға бөлу арқылы тізімі жасалады.

Ұйымдастыру кезеңі шеңберінде 2017 жылы жобаны іске асыру алдында үміткерлерді бизнес-тренер позициясына іріктеу жүргізіледі

Бизнес-тренерлерді іріктеу екі кезеңнен тұрады. Телефон сауалнамасы арқылы іріктеу, оның нәтижесінде 250 үміткер ішінен базалық біліктілігі бар 134 кандидат іріктелді. Олардың ішінде анағұрлым білікті мамандар Нұр-Сұлтан қаласында өткен (8-22 наурыз 2017 жыл) бизнес-тренерлердің практикалық тренингіне шықарылды.

12 жұмыс күннен құралған практикалық оқыту арнайы бағдаралама бойынша өтті (жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды 12 модульмен оқыту негізі). Іс-шараға бизнес-тренер-практиктер, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры», «Аграрлық несие корпорациясы» қаржы институттары, «Атамекен» ҰКП өкілдері, ҚазГЗУ бейінді пәндерінің оқытушылары, мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері қатысты.

Толық екікүндік практикалық оқуға 134 бизнес-тренердің 96-сы өтті. 96 тренердің ішінен 80 тренер 80 ауданға жұмыс істеуге жіберілді.

 Бизнес-тренерлерді іріктеуде: бизнес-тренер ретіндегі практикалық тәжірибе, бизнес-жобаларды іске асыру және сүйемелдеудегі тәжірибе, ауыл шаруашылығы аудиториясымен жұмыс, бизнес-жоспарларды дайындау машығы, қаржы талдауы негіздері, мемлекеттік қолдау бағдарламаларын білу критерийлері есепке алынды.

Бизнес-тренерлерді іріктеу тапсырыс беруші  – ҚР Ұлттық экономика минитстрлігімен мақұлданып жүзеге асырылады.

Бизнес-тренерлерді даярлаумен қатар өңірлік жоба үйлестіруші лауазымына үміткерлерді іріктеу жүргізілді.

 Жоба үйлестіруші – жеке тұлға, оның қызметіне кәсіпкерлік негіздері бойынша сабақтарды ұйымдастыру, практикалық оқыту тиімділігін талдау, «кері байланысты» ұйымдастыру, сондай-ақ, қатысушыларға бизнес-жоспар дайындауға көмектесу кіреді.

 Аудандық үйлестірушілермен әңгімелесу мен іріктеуді Өңірлік кәчіпкерлер палатасы жүзеге асырады.

 

Серіктестер