«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тиімді бизнес нәтижесін көрсетті

2018 жылғы 10 Тамыз
- Қарағанды облысы
3741 просмотров

«Ханум» макарон өнімдерін шығару бойынша өндірістік кәсіпорынды Сәтпаев қаласында былтыр қыркүйек айында «Жағыпарова М.К.» жеке кәсіпкерлігі ашты. Небәрі бір жыл ішінде кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында жеңімпаз атанды.

 Жоғары сапа және арзан баға – өндірушінің басты артықшылығы. Жоғары тиімді жабдық және заманауи технологиялар, сауатты баға саясатын қолдану арқылы кәсіпорын жылына 10 түрлі макаронды 3 мың тоннаға дейін шығарады. Әзірге өнім Жезқазған аймағында таралады, мұнда бәсекелестер жоқ. 

«Өнімге деген сұраныс жоғары. Қазіргі таңда өнім біздің қалаға ғана емес, сондай-ақ Жезқазған мен Ұлытау дүкендері мен супермаркеттеріне тасымалданады. Келешекте макароны өнімдерінің жаңа түрлірен өндіру, өндірістік қуатты аттыру, өткізу нарығын Қазақстан нарығымен шектелмей, сыртқа да экспорттау көзделген», – деді кәсіпкер Меруерт Жағыпарова.

 Қазіргі таңда кәсіпорын ұнды Өскеменнен алдыртады. Ізденіс уақытында кәсіпорын ұн тартушы компаниялардың түрлі сұраптағы өнімдерін сынап көрген, ең тиімдісін Шығыс Қазақстан өңірінен тапқан.

Кәсіпкердің айтуынша келешекте жеке кәсіпкерлік ұн тарту цехы мен диірмен ашуды жоспарлап отыр. 

 «Біз жеке кәсібімізді ашып, дамытып отырмыз, осылайша ел экономикасына айтарлықтай үлес қосамыз деген үміттеміз. Кәсіпорын құрамында қысқа макарондар мен жайманы әзірлейтін жоғары технологиялық тізбектер бар. Жаңа цехте 5 адам жұмыспен қамтылған. Аңа технологияларды қызметкерлерге мамандар үйретеді. Ал шикізатты сатып алмау мақсатында ұн тарту цехын ашу көзделген», – деді кәсіпкер.

  Кәсіпорында 10 түрлі макароны өнімі шығарылып отыр, ары қарай ассортимент ұлғая береді. Ал қазірге кәсіпорын Астанада өтетін «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысуға дайындалып жатыр.

Аталған байқауға қатысу жас кәсіпорынға тұтынушылар қатарын көбейтуге, өзара тиімді әріптестік қатынас орнатуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз. Ал қазірге жеке кәсіпкерлік Қазақстан нарығында өз еншісін тауып, «Қазақстанда жасалған» брендін алға жылжытады деген ойдамыз.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер