«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теміртау машина жасау зауыты үздік атанды

2018 жылғы 15 Тамыз
- Қарағанды облысы
4943 просмотров

Қарағандыда «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы жеңімпаздарының бірі теміртаулық машина жасаушы «Іңкәр-1» жауапкершілігі шектеулі серіктесі болды.

 20-жылдық тәжірибесі бар «Іңкәр-1» компаниясының жаңа тарихы 2017 жылы басталды, осы тұста кәсіпорын «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірыңғай бағдарламасын қолданды. Содан бері жүз миллионнан астам несие қаражаты алынып, жапондық жабдық сатып алынды, цифрлық басқаруы бар білдектерді орналастыруға арналған жер учаскесі мен жаңа цех салынды.  

Кәсіпорынның металлургиялық, тау-кен қазу және цемент өнеркәсібі салаларына қосалқы бөлшектер шығаруда мол тәжірибесі бар. Фирма қызметкерлері  бөлшектерді механикалық өңдеу және «АрселорМиттал Теміртау» и «Қазақмыс» сынды алып кәсіпорындар үшін жабдық әзірлеумен айналысады. Өнімдегі қазақстандық қамту үлесі 83%-ға тең.

 «Нарықта 20-жылға жуық уақыт жұмыс істеп келеміз, жылдын жылға ассортиментті ұлғайтып, тапсырыс берушілерге жеткізілімдер көлемін арттырып отырмыз. Тапсырыс ұлғаюымен байланысты 2017 жылдың ақпан айында кәспорында ауданы 1350 шаршы метрді құрайтын жаңа үшінші жинау цехы салына бастап, биыл пайдалануға берілді. Жаңа цехтың ашылуы тапсырыстарды көбейтіп қана қоймай, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын да құрады», – деді «Іңкәр-1» ЖШС құрылтайшысы Қуандық Нұрпейісов.

 Қазіргі таңда «Іңкәр-1» компаниясында шамамен 100 адам жұмыс істейді. 2013 жылы ұжым алғашқылардың бірі болып «Қазақстанда дуальды оқытудың стратегиялық альянсы» бағдарламасына қатысты, оның шеңберінде «Теміртау жоғары политехникалық колледжі»  және GIZ Халықаралық ынтымақтастық ұйымы арасында үшжақты келісім жасалды. Алынған халықаралық тәжірибе негізінде, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында кәсіпорын жанынан мамандарды қысқа мерзімде оқытатын оқу орталығы ашылды.

Оқу орталығы  қызметкерлерді 5 мамандық бойынша оқытып, жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беріп отыр. Атап айтқанда токарь, фрезерші, автоматты машиналарда электро дәнекерлеуші, дәнекерлеуші, металл конструкцияларын жинау слесарі мамандықтары. Қазіргі таңда токарь мен фрезерші мамандықтары бойынша  алғашқы екі топ оқуды аяқтап қалды. Түлектердің бірден жұмысқа тұру мүмкіндіктері бар», – деді Қуандық Нұрпейісов.

  Айта кетелік, компания басшылығы бағдарламалар мен жаңа жобаларды белсенді қолдайды. 2013 жылы Қуандық Нұрпейісов «Іскер байланыс» бағдарламасына қатысып, Германияның машина жасау кәсіпорындарынан тағылымнамадан өтті. Сол жылы «Моно қалалар» мемлекеттік бағдарламасымен жапон машина жасау зауыттарына да барды. Біліктілік арттыруға қызметкерлер шетелден практикадан өтіп тұрады. 

Қазіргі таңда «Іңкәр-1» ЖШС – индустриялық алыптардың қызметін қамтамасыз етуде Қазақстанда ғана емес, сыртқы нарықты қамтыған да маңызды буын. 2016 жылы «Іңкәр-1» ЖШС ҚР Президентінің «Алтын Сапа» сыйлығын алу байқауының өңірлік кезеңінде «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымын жеңіп алды. Биыл кәсіпорын «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының «Өндірісітік мақсаттағы үздік тауар» аталымы бойынша жеңімпазы атанды, енді күзде Астанада өтетін республиклық деңгейге қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер