«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Оксана Кох: «Клиенттердің ризалығы бизнесіме энергия сыйлайды»

2018 жылғы 21 Қараша
- Қарағанды облысы

Армандар орындалады. Қарағанды облысы Теміртау қаласының тұрғыны Оксана Кох үшін биылғы жыл жемісті, сәтті  болды. Ол өз арманын орындауға қарай батыл қадамдар жасай алды. Қазіргі таңда Оксана жергілікті сұлулық салондардың бірін жалға алып, қызмет көрсетуде. Кәсіби істі игеруде Оксана 10 жыл бойы талмай еңбектеніп келеді.

Оксана мемлекеттік бағдарлама аясында «Бастау» жобасына жазылды. Оқу бір айға созылды, бизнес-тренер кәсіпкерлік негіздерге оқытып бизнес-жоспарларды сауатты құруды үйретті. Стартап бойынша кеңес берілді.

Ал осыған  дейін Оксана жалданбалы шаштараз болып жұмыс істеген.

 «Жеке сұлулық салоным бар болса деп армандайтынмын, бірақ  жауапкершілігінен қорқатынмын. Басқа салондарда жұмыс істеп, армандаудан жалқыпадым. Жеке кәсіпті ашуға бел буған уақытта «Атамекен» қолдау көрсетті. Қазір орынжайды жалға алып, қызмет көрсетемін, тұрақты клиенттерім пайда болды», – деді кәсіпкер.

 Оксана кәсіпті дамытуға несие алуды ойлады. Барлық банктерді аралап, болған соң талаптарға көңілі толмады. Мұндай үлкен пайызы бар несие өте ауыр. Кейін Оксана «Бастаудың» мүмкіндіктері мен артықшылықтарын білген соң, қатысуға өтінім берді.

 «Бизнес-жоспарды әзірлеуде біз ұсақ-түйектерге назар аудармайды екенбіз. Іс жүзінде оларға да ақша жұмсау керек. Осы түйткілдер кәсібін енді бастағандар үшін маңызды. Бұған қоса өнім, қызмет түрін алға жылжыту да өте маңызды. Алған білімім сұлулық салонын ашуда кәдеге асады деген ойдамын, қазір орынжайды жалдап отырғанның өзінде оқығаным көмектесіп жатыр», – деді Оксана.

 Кәсіпкердің айтуынша, бұл көмек – мемлекет тарапынан жасалып отырған зор мүмкіндік. Көптеген жұмыссыз өз идеяларын жүзеге асырып, табыс табуда. «Клиенттердің ризалығы бизнесіме энергия сыйлайды» дейді Оксана.

 Басауыш кәсіпкер «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша қажетті құрал-жабдық сатып алуға грант алған.

 «Жаңа ғимарат салынып біткен соң бірден жаңа сұлулық студиясын ашамын. «Атамекен» сынды сенімді серіктесім тұрғанда батыл қадам жасаудан қорықпаймын», –деді Оксана.

 Бизнес-тренер Меруерт Қасымова қатысушылар жеке жобаларды іске асыруда белсенділік танытып жатқандарын айтты. Жол бойындағы сервис, дәріхана, сұлулық салоны, шанақ жұмыстары бойынша цех ашу – сұраныста.  

 «Оқу мерзімі білінбей өтіп кетеді. Тестілеу енді ғана аяқталғандай көрінеді, көзді ашып-жұмғанша жобаны қорғауға таяп қаламыз. Оқу барысында кәсіпкерлерде жаңа идеялар туып, қолға алған бағыттары түбегейлі өзгеріп жатады, бастысы – қызығушылық бар.  Әр қатысушыға сәттілік тілегім келеді», – деп қорытындылады Меруерт Қасымова.

 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер