«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жас кәсіпкер мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті

2019 жылғы 19 Наурыз
- Алматы қаласы
14025 просмотров

«Бүгіндікке ішер асыма қаражатым бар, ал оларда бұл да жоқ болуы мүмкін», – деді маған жас кәсіпкер Олжас, біз Солтүстік айналмадан Ащыбұлақ ауылына бұрылып бара жатқанымызда. Ащыбұлақ ауылына өтіп, саяжайлар жаққа бара жатып Олжаспен әңгімелестік

Олжас Сәрсенов 28 жаста, ол тапсырысқа жиһаз жасайды. Бұл бизнесте жас кәсіпкер небәрі екі жыл жұмыс істеуде. Бос уақытында ол спортпен шұғылданады екен. Сонымен қатар Олжас қиындыққа тап болған, мұқтаж жандарға көмектесіп тұру – азаматтық борыш деп санайды.

«Тәңірберген Бердоңғаровтың жазбасынан «Менің Атамекенім» жобасы туралы ақпаратты көрдім, отыра қалып, мен немен көмектесе аламын деп ойладым. Азық-түлік сатып алып, апарып беруді шештім»,– деді Олжас.

Жоба – көмекке зәру адамдар және көмек бере алатын адамдар бірін-бірі таба алатын платформа. Сайтты биыл ақпан айында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев таныстырды, бүгінде онда 404 өтінім жазылған, оның ішінде 24 өтінім – Алматыдан. Бұған қоса көмекке мұқтаж жандардың байланыс телефондары, мекенжайы сайтта көрсетілген. Олжас таңертең Майра Бегалықызына барып қайтты. Майра мүмкіндігі шектеулі балалардың анасы. Отбасы Қаскелеңде тұратыны, оларға азық-түлік қажеттігі жайында көршілері порталға жазған.   

 Одан кейін Олжас бес баланы тәрбилеп отырған ана Айзада Молдажанқызына барды. Отбасы балалар киімі мен азық-түлікке мұқтаж.

 Ары қарай жас кәсіпкер жалғыс басты ана Әсел Смағұлованың халін сұрап келді. Әсел үш баланы бағып отыр, кіші қызы мүгедек. Жәрдемақы жетпейді, отбасына азық-түлік, балалар тамағы, үй жылытуға көмір қажет.

«Егер жиһаз бойынша бірдеңе жөндеу керек болса, заттарды тасымалдау қажет болса, хабарласыңыз, жасап беремін», – деді елгезек Олжас, визиткасын ұсынып.  

 Олжас Сәрсенбаев көмекке зәру отбасыларға ары қарай да көмектесіп тұрмақ.

«Байланыс нөмірлерін, мекенжайларын біліп алдым, енді өзім келіп тұрамын, мүмкіндік болғанда. Ащыбулақ ауылында достарым тұрады. Оларға Әсел туралы міндетті түрде хабарлаймын. Оған үш баланы жалғыз асырау қиын, оның үстіне кіші қызы аурушаң», – деді ол.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер