«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

ALTYN OIMAQ

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қорымен бірлесіп, қазақстандық дизайнерлер арасында «ALTYN OIMAQ» байқауын өткізіп жатыр.


Байқауды өткізу бәсекеге қабілетті брендтерді шығаруға дайын кәсіпқойлардың жаңа буынын анықтауға мүмкіндік береді.


«ALTYN OIMAQ» байқауы үш кезең бойынша алты аталымда өтеді.


Бірінші кезең - өтінім қабылдау және Комиссияның іріктеуі

1-кезеңнің алғашқы бөлімі:

4 наурыз – басталуы

15 мамыр – өтінім

қабылдаудың аяқталуы

1-кезеңнің екінші бөлімі:

10 маусым – басталуы

15 қыркүйек – өтінім

қабылдаудың аяқталуы


Екінші кезең - қоғамдық онлайн-дауыс беру.

«ALTYN OIMAQ» сайысының 6 жеңімпазының әрқайсысы 1 млн теңгеге ие болады

Үшінші кезең – байқаудың Бас жүлдесін алуға лауреатты анықтау.


Байқаудың әр қатысушысы бір немесе екі аталымға (одан артық емес) қатысуға өтінім беруге құқылы.


«ALTYN OIMAQ» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты 2019 жылдың желтоқсан айында өтеді.


Өтінімдерді іріктеу критерийлері:

- бұйым дизайнының ыңғайлылығы мен жинақылығы

- жұмыстың аталым тақырыптамасына сәйкес келуі

- дизайнның бірегейлігі

- коммерциялық перспектива


«ALTYN OIMAQ» Байқауының Бас жүлдесіне алғашқы үміткерлер биыл маусым айында Астанада өтетін Жеңіл өнеркәсіп форумында жарияланады.


Байқау шеңберінде бірқатар ауқымды іс-шараларды ұйымдастыру жеңіл өнеркәсіп саласын ары қарай дамытуға жағдай жасауда барлық мүдделі тараптардың күшін біріктіруге бағытталған.


Іс-шара шеңберінде сіздерді бағдарламаның іскерлік бөлімі, жәрмеңке, дефиле, семинарлар мен шеберлік сабақтар күтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер