«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ет-сүт кооперативі жұмыс істеуге дайын

2017 жылғы 16 Наурыз
- Қарағанды облысы
8400 просмотров

«Қарағайлы» ауылшаруашылық өнідірістік кооперативі мал шаруашылығын дамыту үшін 41 млн теңге алды

Осакаров ауданында ет пен сүт өнімін шығаратын кооператив құрылды. Жаңа ауыл шаруашылық бірлестігінің құрамында 24 кәсіпкер бар. Мемлекеттік қолдаудың жаңа құралын пайдаланған кооператив «Қазагро» АҚ еншілес компаниясы Ауыл шаруашылығы кәсіпкерлігін қолдау қорынан 6% мөлшерлемесімен қаржыландыруға қол жеткізді. 5 жылға берілген несие қаражатына қарағайлылықтар бірінші кезекте қажетті жабдықтарды ­– сүт суытқыш, сүт тасу көлігі мен рефрежиратор алуға ниетті. Алайда, кооператив мүшелері салмақты істі бастамас бұрын Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-Кеңесші» курсын оқуды жөн санаған.  

Әлеуметтік-кәсіпкерлік кооперативін құру турлы бастаманы Хадал Мархавай көтерген. «Бұл күтпеген жаңалық болды: күні кеше ғана бағдарламаның анық-қанығын біле бастаған едік, екі ай өтпестен бізге қаражат берілді. Кәсіпкерлер палатасының Осакаров аудандық бөлімшесінің қызметінің арқасы. Олар Қарағайлы ауылдың округіне үш рет келіп, алдымен заңды түсіндірді, одан кейін Техникалық инвентаризация бюросы, Кадастрлық орталық, сәулет, жер комитеті, бағалаушы мамандарымен кездесу ұйымдастырылып, барлық жұмысты жүргізіп берді», ­ деп түсіндірлі Хадал Мархавай.

Сонымен қатар жаңа әлеуметтік-кәсіпкерлік кооперативінің басшысы атқарылған жұмыстарды егжей-тегжейлі түсіндірді. «Дәл осы жерде біз кепілдік нысандарды, техникалық паспорт пен басқа да құжаттарды рәсімдедік. Ең соңында Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен бірге келіп, құқық белгілеуші құжаттарды тіркеді. Осындай қысқа мерзімде қол жеткізгенімізге қуаныштымыз, қағазбастылықтан қорқып, кейінге шегеріп жүр едік. Құжаттарды реттеп жатқанда, болашақ кооперативтің мүшелері кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алды», ­– деді ол.

Қарағайлы ауылдық округі аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. Қажетті жабдықтар жеткеннен кейін кооператив облыс орталығына таза сүт пен жас ет жеткізілетін туралы уәделерін берді кәсіпкерлер.


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер