astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
финансовый
қаржылық

Қаржы­қаражат, қаржыландыру мәселелеріне қатысты ұғым

қаржылық актив — финансовый актив қаржылық арақатынасты талдау — анализ финансовых соотношений қаржылық бағдарламалау — финансовое программирование қаржылық бақылау әдісі — метод финансового контроля қаржылық болжау — финансовое прогнозирование қаржылық емес активтер — нефинансовые активы қаржылық есеп — финансовый отчёт қаржылық есеп айырысу — финансовый расчёт қаржылық есеп беру — финансовый учёт қаржылық есептілік — финансовая отчётность қаржылық жағдай көрсеткіші — показатель финансового положения қаржылық жағдайды бағалау — оценка финансового положения қаржылық жал — финансовая аренда қаржылық жалға беру шарты — договор финансовой аренды қаржылық жыл — финансовый год қаржылық капитал — финансовый капитал қаржылық көрсеткіштер — финансовые показатели қаржылық қызмет көрсету — финансовые услуги қаржылық мұқтаждық — финансовая нуждаемость қаржылық пайда — финансовая прибыль қаржылық салымдарды түгендеу — инвентаризация финансовых вложений қаржылық тәуекел — финансовый риск қаржылық тұрақтылық — финансовая стабильность

финансы
қаржы

(лат. financia — түгелдік, табыс) Мемлекеттің, кәсіпорынның қарамағындағы барлық ақшалай қаражаттың жиынтығы, сондай­ақ оны қалыптастырудың, бөлудің және пайдаланудың жүйесі. Қаржы — мемлекеттің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру мақсаттарында ақша қорын қалыптастыру, бөлу және пайдалануға, сондай­ақ өндіріс жағдайларын арттыруды қамтамасыз етуге байланысты болатын экономикалық қатынастардың күрделі нысаны

қаржы активтері — финансовые активы қаржы бақылауы — финансовый контроль қаржы дағдарысы — финансовый кризис қаржы есебі — финансовый учёт қаржы есеп-қисабы / қаржы есептемесі — финансовая отчётность қаржы жүйесі — финансовая система қаржы жылы — финансовый год қаржы инвестициялары — финансовые инвестиции қаржы қатынастары — финансовые отношения қаржы ресурстары — финансовые ресурсы қаржы тетігі — финансовый механизм қаржылық есеп беру — финансовый отчёт қаржыгер — финансист

финасирование
қаржыландыру

Кешенді бағдарламаларды, жобаларды, және т.б. дамыту, жүзеге асыру, сондай­ақ бюджеттік шығындардың орнын толты­ ру үшін қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету

қаржыландыру әдісі — метод финасирования қаржыландыру ережесі — правила финасирования қаржыландыру жөніндегі шығындар — расходы по финасированию қаржыландыру көздері — источники финасирования қаржыландыру құрылымы — структура финасирования қаржыландырылған бөлінбеген пайда — ассигнованная прибыль

фирма
фирма

Көбінесе кез келген компанияның атауы үшін қолданылады. Ұжымдық немесе жеке кәсіпкерліктің кең таралған ортақ атауы. Бір немесе бірнеше кәсіпкер иесі болып табылатын ұйым; заңды тұлға ретіндегі кәсіпорындар

аудиторлық фирма — аудиторская фирма делдалдық фирма — посредническая фирма консалтингтік фирма — консалтинговая фирма риелторлық фирма — риелторская фирма фирманы тарату — ликвидация фирмы фирманың бәсекеге қабілеттілігі — конкурентоспособность фирмы фирманың өтемпаздығы — ликвидность фирмы фирманың ресми атауы — официальное наименование фирмы

фонд
қор

(лат. fundus — түп, негіз) Ортақ мақсаттарға қол жеткізу мүддесінде қызмет атқаратын жүйелер мен элементтердің жиынтығы.

зейнетақы қоры — пенсионный фонд инвестициялық қор — инвестиционный фонд қайырымдылық қоры — благотворительный фонд қор активтері — активы фонда қор биржасы — фондовая биржа қор қайтарылымы — фондоотдача қор құндылықтары — фондовые ценности қорлардың заттай көрсеткіштері — натуральные показатели фондов қор сыйымдылығы — фондоёмкость материалдық қор — материальный фонд тұтыну қоры — потребительский фонд қорландыру / қор жасау — фондирование

форма
нысан (объект мағнасын береді ғой)

Өнімнің, тауардың, басқа да ұғым­құбылыстардың ішкі мазмұны мен сыртқы түрінің реттелгендігі, сәйкестігі. (Пішіннің анықтамасы сияқты)

ауыстыру нысаны — форма обмена басқару нысандары — формы управления дәстүрлi нысан — традиционная форма жетiлдiрiлген нысан — усовершенствованная форма көтермелеу нысаны — форма стимулирования қабылданған нысан — принятая форма қазiргi нысан — современная форма қалыпты нысан — стандартная форма төлем нысаны — форма оплаты

форс-мажорные обстоятельства
форс-мажор жағдай

Жоспарланған жұмыстың нәтижелі, өз мерзімінде аяқталуы­ на кедергі келтіретін төтенше жағдайлардың туындауы. Заңды форс­мажор жағдайлар жі кездеседі: мысалы,басқа мемлекеттегі экспорттаушы кәсіпорынның белгілі бір себептермен өз қызметін тоқтату нәтижесінде ішкі кәсіпорынның қызметінде шығындар мен шығасы болуы мүмкін

форс-мажор жағдайды анықтау — выяснение форс-мажорных обстоятельств

франко
франко

(фр. franco — еркін) Жиі қолданстағы осы терминнің мағынасы: тауардың жеткі­ зіліміне жұмсалатын шығынды сатушы мен сатып алушы өзара бөлісіп алады және бұл екіжақты мәміледе, келісімшартта нақты көрсетіледі.

франко бағасы — франко-цена франко-кәсіпорын — франко-предприятие франко-тасымалдаушы — франко-перевозчик

франчайзинг
франчайзинг

(ағыл. franchise — артықшылық) Ірі және шағын кәсіпкерліктің аралас формасы. Негізгі ком­ пания (франчайзер) еншілес кәсіпорындармен, шағын фирма­ лармен, кәсіпкерлермен (франчайздер) келісімшарт жасайды. Бұнда шағын фирма ірі компания бекіткен нысанда, белгілеген уақытта және мерзімде өз бизнесін жүзеге асырады. Ірі компания еншілес кәсіпорындарды тауармен, технологиямен қамтамасыз етуге, көмек көрсетуге міндеттенеді.

франчайздермен келісімшарт жасау — составить договор с франчайзи

франчиза
франчиза

— (франц. franchise — жеңілдік, еркіндік) Франчайзинг құқықтары, яғни негізгі компанияның өнімдері мен тауарларын сата алатын коммерциялық кәсіпорынды құруға құқық беріледі. Франчайзинг негізінде құрылған кәсіпорын да франчиза деп аталады. Сақтандыру келісімшарты жасалып, онда сақтандырушының белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды төлеуден босатылуыда осы термин арқылы анықталады

франчиза келісімшарты — договор по франшизе

Еншілес ұйымдар

Серіктестер