astana-view

Кәсіпкер сөздігі

Сөз
Аударма
Сипаттама
фрахт
фрахт

Бизнес саласында жүкті немесе жолаушыларды су жолдары­ мен өткізу үшін алынатын төлем. Фрахт келісімі жасалады

фрахт талаптары — фрахтовые требования фрахт бойынша төлем — плата по фрахту

фьючерс
фьючерс

(ағыл. futures — алдын ала, ескерту арқылы сатып алынатын тауарлар) Биржаларда шикізат өнімдерін, алтынды, құнды қағаздарды сату­сатып алу жөнінде шұғыл түрде қол қойылатын мәмілелер. Мәміле кезіндегі баға ескеріледі, сатып алынған тауардың жеткізілімінің бағасы жеткізілімнен кейін төленеді. Сатып алушы алдын ала аз мөлшерде қаражат төлейді. Негізгі мақсат­ тардың бірі — түбінде сату­сатып алу емес, керісінше нақты өнім, тауар немесе оларды қайтадан сату арқылы пайда табуды алдын ала сақтандыру. Сондықтан кейде әлі де өндірілмеген тауарлар мен өнімдердің үлгілері бойынша да фьючерстік мәмілелер жа­ салады.

фьючерстік биржа — фьючерсная биржа фьючерстік келісімшарт — фьючерсный контракт фьючерстік мәміле — фьючерсная сделка фьючерстік нарық — фьючерсный рынок

характеристика
мінездеме

Кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның басқару органдары та­ рапынан жеке адамға оның іскери және адамгершілік, кәсіби қасиет­сапалары, біліктілігі баяндалып берілетін ресми жазбаша құжат. Мінездеме лауазымды көтеруге, басқа жұмысқа ауысқан кезде, аттастация жүргізуде және басқа да жағдайларда жазыла­ ды.

бiржақты мiнездеме — субъективная характеристика бөлiм қызметкерi А. Асқаровқа мiнездеме — характеристика на сотрудника отдела А. Аскарова егжей-тегжейлi мiнездеме — подробная характеристика әрiптеске мiнездеме — характеристика на коллегу жағымды мiнездеме — положительная характеристика жағымсыз мiнездеме — отрицательная характеристика жақсы мiнездеме — хорошая характеристика жалпы мiнездеме — общая характеристика жан-жақты мiнездеме — всесторонняя характеристика қызметкерге мiнездеме — характеристика на сотрудника қызметтiк мiнездеме — служебная характеристика мiнездеме алу — получить характеристику мiнездеме беру — дать характеристику

ходатайство
қолдаухат

Ұйым, мекеме, кәсіпорын, мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар атынан жоғарғы инстанцияға жолданатын ресми өтініш немесе ұсыныс түрі. Онда іс­қимылға қолдау жасау, іс­қимылды жүзеге асыруға рұқсат сұрау және т.б. баяндалады

қолдаухат беру — дать ходатайство қолдаухат жазу — написать ходатайство

хозяйство
шаруашылық

Белгілі бір қажеттіліктерді, сұранысты қамтамасыз ету мақ­ сатында,табыс табу көзделетін жеке иеленуші немесе ұжымдасқан жеке тұлғалар басқаратын өндіріс құралдарының жиынтығы

ауылшаруашылығы — сельское хозяйство шаруагерлік — хозяйственность шаруашылық акт — хозяйственный акт шаруашылық бағыты — хозяйственное направление шаруашылық дербестік — хозяйственная самостоятельность шаруашылық есебі — хозяйственный учёт, хозрасчёт шаруашылық есеп рентабельділігі — хозрасчётная рентабельность шаруашылық есеп табысы — хозрасчётный доход шаруашылық жүргізуші субъект — хозяйствущий субъект шаруашылық келісімшарты — хозяйственный договор шаруашылық қауымдастығы — хозяйственная ассоциация шаруашылық қоғам — хозяйственное общество шаруашылық операцияларды есепке алу журналы — журнал учёта хозяйственных операций шаруашылық операцияларын құжаттау — документирование хозяйственных операций шаруашылықаралық кооперация — межхозяйственная кооперация шаруашылық-қаржы қызметті ревизиялау — ревизия финансово-хозяйственной деятельности шаруашылықты жүргізу — хозяйствование шаруашылықты экономикалық реттеу — экономическое регулирование хозяйства

холдинг
холдинг

ағыл. holding — жалға алынған телім, кәсіпорынға қатысудан туындайтын құқықтар, активтер) Тәуелді және еншілес компаниялар акцияларының бақылау пакеттерін иеленуші негізгі ұйым, заңды тұлға.

холдингілік компания — холдинговая компания

целевой
мақсатты

Белгілі бір жоспарланған, көзделген жұмыстың мақсаттарын жүзеге асыруға арналған

мақсатты бағдарлама — целевая программа мақсатты жоспарлау — целевое планирование мақсатты иөлемдер — целевые налоги мақсатты кешенді бағдарламалар — целевые комплексные программы мақсатты қаржыландыру — целевое финансирование мақсатты қарыздар — целевые займы мақсатты маркетинг — целевой маркетинг мақсатты салықтар — целевые платежи мақсаттылық — целенаправленность

цена / стоимость
баға

Өндірілген тауардың немесе көрсетілген қызметтің бір өлшемі үшін белгіленетін ақша мөлшері

ағымдағы баға — текущие цены акция бағасы — цена акции анықтамалық баға — справочная цена арзан баға — низкая цена атаулы баға — номинал / номинальная цена аукциондық баға — аукционная цена әлемдік баға — мировая цена баға белгіленімі — котировка баға индексі — индекс цен баға қою — определить цену баға құралымы — ценообразование баға(ны) белгiлеу (экон.) — ценообразование баға(сы) өсу — повышение цен бағадан шегерім — скидка с цены бағаны босату — либерализация цен бағаның құлдырауы — спад цен бағаның тұрақсыздығы — неустойчивость цен бағасын арзандату — снизить цену (удешевить) базистік баға — базисная цена босату бағасы — отпускная цена бөлшек сауда бағасы — розничная цена еркін баға — свободная цена көтерме сауда бағасы — оптовая цена қымбат баға — высокая цена өзiндiк баға — себестоимость өнiмнiң бағасы — стоимость продукции тұрақты баға — стабильная цена

ценные бумаги
құнды қағаздар

Бекітілген нысандағы, міндетті реквизиттері бар ақшалай құжат, ұсынылған жағдайда ғана құқыққа ие мүліктік құжат­ тар. Акциялар, вексельдер, облигациялар, чектер сияқты құнды қағаздар коммерциялық ұйымдардың қызметін ұйымдастыру мен жүргізуде тиімді болып табылады

құнды қағаздар бағамының индекстері — индексы курсов ценных бумаг құнды қағаздар бойынша залал — убытки по ценным бумагам құнды қағаздар нысанындағы дивиденд — дивиденд в форме ценных бумаг құнды қағаздар шығару — эмиссия ценных бумаг құнды қағаздармен байланысты мәміле — сделка с ценными бумагами

частная собственность
жеке меншік

Жеке тұлғаның, нақты бір азаматтың немесе заңды тұлғаның нақты бір мүліктің (жер телімі, жылжымайтын және жылжыма­ лы мүлік) заңмен қорғалатын бұлжымас иесі екендігін білдіретін меншік түрі.

жеке меншігіндегі мүлік — имущество, находящееся в частной собственности жеке меншік иесі — владелец частной собственности жеке меншік мүлкі — собственное имущество жеке меншікті мұраға қалдыру — завещать частную собственность жеке меншікті сату — продать частную собственность жеке меншікті сыйға беру — дарить частную собственность

Еншілес ұйымдар

Серіктестер