«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Трактор бар – азық та болады

2015 жылғы 16 Маусым
- Қарағанды облысы
17581 просмотров

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында азық дайындау бойынша «МТС Жаңаарқа» ауылшаруашылық саласында жоба жүзеге асырылды.

Ел бойынша барлығы 8 машина-техникалық станция ұйымдастыру жоспарланған болатын, бірақ биыл Жаңаарқа ауданы ғана құжат жұмыстарын шешіп, ашылуға қол жеткізді. Егістік науқанының өтіп кеткеніне қарамастан, Қазақстан бойынша қуаттылығы жөнінен екінші МТС (біріншісі – Көкшетау) аудандағы 16 мың гектар тыңайған жерді өңдеуге мүмкіндік берді.

Ірі қара мал басымен және қымызымен танымал Жаңаарқада да барлық облыс пен елдегідей жағдай орын алған: жер бар, оны өңдейтін техника жоқ. Сондықтан да жоба өзекті әрі келешегі бар. Тек фермерлердің әкелінетін азық үшін 2-3 есе артық төлегеннен гөрі, өз азығын өсіргені пайдалырақ екенін түсінуі керек. Ал былтырғы жылы Жаңаарқада бір тонна шөптің бағасы 25 мың теңгеге дейін жеткен еді.

Аталмыш жоба отандық ауыл шаруашылығын дамытуда инновациялық болып табылады және отандық мал шаруашылығын дамыту бағдарламасындағы бастапқы тізбек үшін біршама роль атқарады.

Кәсіпорын «ҚазАгроФинанс» АҚ лизингі арқылы 145 млн. теңге сомасына арнайы техника сатып алды. Германиядан әкелінген машиналар күллі ауданды қамтуда. Сонымен бірге шөп шабу уақыты айтарлықтай қысқаруда. Бүгінде азық дайындау орталығында Жаңаарқа ауданы бойынша тапсырыс көптеп түсіп жатыр. Алғашқылардың бірі - «Ескене» шаруа қожалығы. Орталық сонымен қатар Айнабұлақ ауылдық округінде жұмыс жасайтын болады. Онда 3500 гектардан астам жерді жырту қажет болады.

МТС екі тракторы бір тәулік ішінде 237 гектар тыңайған жерді толыққанды егістікке айналдырып, «Эмити» канадалық кешенінің көмегімен 160 гектарға егін сала алады.

Машиналық-техникалық станция химиялық өңдеуге арналған техникамен де жабдықталған, енді жинау үшін шөп шабатын машина келеді. Күні-түні, екі ауысыммен жұмыс жасауды жоспарлап жүр. Ал ауылда қазір тәжірибелі механизаторлар алтыннан да қымбат, кәсіпорын оларды барлық облыс бойынша жинады. Агрономды көршілес өңірден шақыруға тура келді. Биыл аталған іркілістердің салдарынан колледждердің сәйкес мамандықтарының оқушыларын тарта алған жоқ, бірақ болашақта оларсыз болмайтын түрі бар.

«Біз ұсыныстар үшін ашықпыз, техниканы клиенттер кездесетін кез келген округке не ауданға апара аламыз», - дейді «МТС Жаңаарқа» ЖШС директоры Әнуар Нұрғалиев.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы бүгінде жобаларды коммерцияландыру мақсатында экономиканың түрлі салаларында сүйемелдеу бойынша Жобалардың бірыңғай тізілімін жүргізуде.

Жыл басынан бері Қарағанды облысы Кәсіпкерлікті қолдау орталығына 3500 кәсіпкерлік қызмет субъектісі жүгінген, оның ішінде 450 субъект бұдан әрі сүйемелдеу және коммерцияландыру үшін Тізілімге енгізілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер