«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Миллиондаған теңгеге миллион идея

2015 жылғы 08 Шілде
- Қарағанды облысы
25538 просмотров

Қарағандыда өткен бизнес-идеялар байқауының финалында қатысушылар екі санат – студенттер және ісін бастаушы кәсіпкерлер санаты бойынша 7 ақшалай жүлдені иелену үшін күресті

Бизнес-идеялар байқауында жас кәсіпкерлер ойын-сауық контенті – кітаптардан үзінді, сөзжұмбақтар мен есептер келтірілген дәретхана қағазын таныстырды. Авторлардың есептеуінше, мұндай «көңілді» қағаз орамасының құны шамамен 150 теңге тұрар еді.

Гелитерезе – жылу өткізетін температураны реттеуге қабілетті терезені Шахтинскіден келген жастар таныстырды.

Балшықпен қалай ақша табуға болады? Ол оңай! Егер әдеттегі балшықты емдікке айналдырсақ, не болмаса жануарларға арналған биодәретхана толтырғышы етсек. Өз өндірістерінде сапропельді қолданбақшы болған қарағандылық жаңашылдар осындай жоба ұсынды.

PYXERA бизнес-идеялар байқауының аясында үздік идеяларды айқындады. Биыл байқауға қатысушылар қызықты да бірегей жобаларын ала келіпті.

Алты моноқаладан келген 125 қатысушы PYXERA Global бейкоммерциялық ұйымы іске асырып жатқан моноқалалар экономикасын әртараптандыру жөніндегі USAID Бағдарламасы ұйымдастырған бизнес-идеялар байқауында өз бизнес-жоспарларын ұсынды. Байқауды ұйымдастыруда Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Жас кәсіпкерлер қауымдастығы, сонымен қатар Бизнес-сарапшылар мен консультанттар клубы (БСКК) серіктес атанды.

Биылғы жылғы байқауды «ҚарБиогаз» жобасының авторлары  - Максим Янцен, Бекбол Дүйсенбеков пен Алексей Блокин жеңіп шықты. Олар өндірістік базадағы модульдік биогаз қондырғысының өнеркәсіптік прототипін әзірлеуді ұсынады. Осыған ұқсас неміс таңбалы жабдық кем дегенде 80 млн теңге тұрады. Қарағандылық әзірлеушілер қондырғының 10 есе арзан тұратынына сендірді, ал мұндай инновация жекелеген тұтынушылар үшін 2-3 миллион тұратын болады. Биогаз қондырғысы шығаратын соңғы өнімдер: электр энергиясы, сұйытылған және көмір қышқыл газы, сондай-ақ тыңайтқыштар. Биогаз үшін түрлі биологиялық қалдықтар шикізат бола алады, олар тапшы емес. Команда ісін бастау үшін 300 мың теңгеге ие болды.

Тағы бір жас кәсіпкерлер командасы – Алдияр Маханов, Екатерина Заяц және Александр Акулинин «Сапропель» жобасымен сөз алды. Аталмыш дүние – таңқаларлық көп функциялы шикізат. Жобаны әзірлеушілер жануарларға арналған дәретхананы толықтырғыш, азықтық қоспалар, органикалық және минералдық тыңайтқыштар, емдік балшық өндіруді жоспарлап отыр. Ол үшін тұщы сулы су қоймалардың түбінде жатқан көп ғасырлық шөгінді түрінде кездесетін бірегей табиғи материал – сапропельді қайта өңдеу жөніндегі жоғары технологиялы өндірістік кәсіпорын құру қажет. Ұйымдастырушылардан істі бастау үшін 150 мың теңге берілді.

Жүлдеге ие болған жобалар: «Фитнес-орталық» (спорттық-сауықтыру орталығы), «Перепелочка» (бөдене жұмыртқасын өндіру және өткізу), «Тайм-кафе» (жастарға, шығармашылық кештерге, араласуға және т.б. арналған әлеуметтік бағыттағы орын), «Велостан», «Гелитерезе».

Өкінішке орай, теміртаулық команданың «Полимер люктер» кәріз жүйесі өндірісі жобасы байқау аясында жүлде ала алмады. Бірақ қазылар алқасында отырған «Даму» қорының өкілі жоба авторлары Ольга Шилова мен Ярослав Познуховты өз бағдарламалары арқылы қаржыландыру алуға шақырды. Енді өндірісте үнемді әрі пайдалануда ұзаққа жететін өнім авторларының жолы болғанға ұқсайды.

Байқау 2015 жылғы маусым айында Қарағанды және Жезқазған қалаларында өтті. Байқау мақсаты жас та әлеуетті кәсіпкерлерге өз кәсіптік байланыстарын кеңейту, тәжірибелі кәсіпкерлермен ұзақ мерзімдік серіктестік және тәлімгерлік қатынас орнатуға және бизнес-жоспарлау бойынша тренингтен өтуге мүмкіндік беру болды.

Жобаның мақсаттық аудиториясы өздерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамытуды қалайтын және өз бизнес идеяларын жүзеге асыруға алғашқы қадам жасағысы келетін 18 бен 35 жас аралығындағы жастар болды. 2015 жылғы 30 маусымда, байқау финалында қатысушылар екі санат бойынша 7 ақшалай жүлде үшін сайысты: студенттер және ісін бастаушы кәсіпкерлер. 1 орын үшін жүлде 300 мың теңгені құрады, екінші орын – 150 мың теңге және үшінші орын – 50 мың теңге.

Жас кәсіпкерлер іс-шара барысында кәсіпкерлік жүргізу, бизнес-тауаша таңдау және табысты презентация құпиялары бойынша шеберлік сабақтарына қатысты, сонымен қатар бизнес-консультанттар мен шағын және орта бизнестегі табысты кәсіп иелерінен құнды кеңестер алды.

USAID (Халықаралық даму жөніндегі АҚШ агенттігі) қаржыландыратын моноқалалар экономикасын әртараптандыру бағдарламасы жұмыс орындарын құруға, шағын және орта бизнесті дамытуға, сонымен қатар Қарағанды облысындағы алты моноқала – Абай, Жезқазған, Саран, Сәтпаев, Теміртау және Шахтинск қалаларындағы кәсіпкерлерді қолдау және әлеуетін күшейтуге бағытталған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер