«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Еңбек қақтығыстарына жол бермеу

2015 жылғы 18 Тамыз
- Қарағанды облысы
13702 просмотров

Қарағанды облысында шағын және орта бизнес кәсіпорындарындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алатын «Демеу» Бағдарламасы іске қосылды

Бірінші жарты жылдықта өңір экономикасы жағымсыз сыртқы жағдайларда қызмет жасады. Екінші жарты жылдықта өндірістің құлдырау және экономикалық жағдайдың нашарлау тәуекелдері сақталады. Бірінші кезекті міндет әлеуметтік серіктестіктің ескертпелі шаралары есебінен әлеуметтік тұрақтылықты сақтап тұру болып табылады.

Қарағанды облысындағы әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы жағдай көз жазбай қадағалауды және алдын алу шараларын талап ететін дәрежеде қала береді. Еңбек саласында тұрақсыз жағдай туындау ықтималдығы едәуір жоғары. 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында республика бойынша орын алған 7 қақтығыстың біреуі Қарағанды облысында туындады. Облыс өндірістік жарақаттану жоғары деңгейде сипат беретін өңірлер тізіміне кіреді – жыл басынан бері 149 адам зардап шеккен. Сондай-ақ 2015 жылдың 7 айында еңбекақы бойынша қарыз 11-ден 56,4 млн теңгеге дейін 5 есе өскен.

Облыстағы «АрселорМиттал» және «Қазақмыс» АҚ сияқты жетекші кәсіпорындарда еңбек қақтығыстарының дамуы елеулі әсер ету факторы болып табылады. «АрселорМитталТеміртау» акционерлік қоғамында қызметкерлердің еңбекақысы төмендетілетіні жайлы хабарланып, жұмыс берушінің әрекетіне шағым жасалды. Әлеуметтік желілер мен баспасөзде арандатушы пікірлер мен үндеулер жазылып, жағдай белсенді түрде талқылануда.

Өндірісті сақтауға даярлықтарын білдірген шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарының тәуекелдерді уақытында анықтауға, ішкі басқарушы ресурстарды жүзеге асыруға және қақтығыстарға жол бермеуге көбінесе құзыреті жеткіліксіз болып жатады. Ірі кәсіпорындарда шиеленіскен жағдайды реттеу кәсіподақтардың қатысуымен жүріп жатады, ал шағын және орта бизнес тек Палата көмегіне сүйене алады.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы белгіленген түйткілдерге орай Қарағанды облысының шағын және орта бизнес кәсіпорындарында әлеуметтік шиеленіске жол бермеудің «Демеу» Бағдарламасын іске қосты. Бағдарламаны дайындауға 2015 жылғы 24 ақпандағы әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үш жақты комиссияның Хаттамасы мен Облыстық үш жақты комиссияның 2015 жылғы 31 наурыздағы №2 Хаттамасы негіз болды. Бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі – 2015 жылғы тамыз-қараша айлары.

Аталмыш бағдарлама шағын және орта бизнес кәсіпорындарында заңның сақталуы мен еңбек қатынастарының жай-күйіне мониторингті және әлеуметтік шиеленістер мен еңбек қақтығыстарының туындауын анықтауды, әлеуметтік-еңбек қақтығыстарын ескерту бойынша профилактикалық шараларды жүргізуді, жұмыспен қамту орталықтарымен белсенді әрекеттестікті, мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен құралдары жайлы ақпараттандыруды көздейді.

Сонымен қатар еңбекті қорғау мәдениетін көтеру және еңбекті ұйымдастырудың тиімді нысандарына оқыту, ақпараттық-түсіндіру және консультациялық жұмыс бағдарлама міндетіне кіреді.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлердегі филиалдар желісі арқылы ШОБ кәсіпорындарындағы әлеуметтік шиеленістің алдын алу бағдарламасын жүзеге асырады. Бұл 8 моноқала, 9 аудан және 1 шағын қала (Приозерск қаласы).

ӨКП сервистік компаниямен бірге әлеуметтік шиеленіс тәуекелін ертерек анықтап, ескерту үшін ШОК кәсіпорындарын жедел диагностикалауды ұсынады. Филиалдар мен Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары арқылы (КҚО) әлеуметтік-еңбек шиеленісі тәуекелінің туындау қаупін анықтау үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне диагностика жүргізіледі. Кәсіпорындар сонымен қатар өзін-өзі диагностикалау үшін әдістемелер ала алады.

Тәуекел аймағына түскен кәсіпорындар КҚО, Палата мамандарынан заңгерлік және басқару төңірегінде консультациядан өтеді және қажет болған жағдайда маркетинг, қызметкерлерді басқару, бухгалтерлік есеп және т.б. бойынша қосымша сервистік қызмет көрсетуге өтінім береді.

Даулар медиациясы, қызметкерлердің адалдығы бағдарламалары, еңбек заңнамасы және т.с.с. бойынша консультация-тренингтер тұрақты негізде жүзеге асырылады.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Елена Петренко Бағдарламаның Қарағанды облысындағы барлық аудандарды қамтитынын атап өтті.

«Жалпы жұмыскерлер саны 10 мың адамға жететін кем дегенде 200 ШОБ кәсіпорны бағалаудан өтеді деп жоспарлап отырмыз. Бағдарлама әлеуметтік шиеленіс аймақтарын уақытында анықтау және төмендетуге, еңбек қақтығыстарының алдын алуға және жолын бөгеуге сеп болады. Бизнестің әлеуметтік әріптестігі күшейтіледі, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуға жәрдем шаралары және мемлекеттік қолдау формалары жайлы хабардарлығы көтеріледі. Еңбек медиациясы тәжірибесі енгізіледі, еңбек қатынастарын заң жүзінде қамтамасыз ету деңгейі артады», - деп баса көрсетті Елена Петренко.

ӨКП 2015 жылғы қыркүйек айында ШОК кәсіпорындары мониторингі мен өңір бойынша әлеуметтік шиеленісті ескерту жұмыстарының алдын-ала нәтижелерін ұсынады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер