«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жергілікті кәсіпкерге жол берілсін!

2015 жылғы 04 Қыркүйек
- Қызылорда облысы
12124 просмотров

Қызылордада жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларында жергілікті мазмұнды кеңейту түйткілі шешілуде

Қызылорда облысы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен облыс әкімінің Қызылорда облысы бойынша Жергілікті мазмұнды дамыту қауымдастығы мүшелерімен кездесу өтті.

Қауымдастық Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының бастамасымен отандық өндірісті қолдау және сатып алуларда кәсіпкерлер мүдделерін қорғау мақсатында құрылды. Қазірде Қауымдастық құрамына өңірдегі мұнай-сервис және өндірістік саладағы 40 кәсіпорын кіреді.

Өңір басшысы кездесуді аша отырып, мұнай сервисі нарығындағы жағдайды қысқаша сипаттап өтті және жергілікті компанияларға өндірісті әртараптандыру мүмкіндігін қарауды ұсынды. Ол сонымен қатар облыс басшылығының жергілікті өндірушіні қолдауға дайын екенін де білдірді. Сонымен бірге билік сапасыз өнім өндіруші жауапсыз мердігерлерді еркіне жібермекші емес.

Кездесуде Жергілікті мазмұнды дамыту қауымдастығы таныстырылды, оның сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің техникалық тапсырмаларын және (немесе) техникалық спецификациясын дайындауға қатысу мәселелері талқыланды. Жер қойнауын пайдаланушылардың тауарлар, жұмыстар, қызметтер, кадрлардағы және аумақтың әлеуметтік дамуындағы жергілікті мазмұн жөнінен келісімшартық міндеттемелерін орындауына мониторинг жүргізудегі бірлескен жұмыс мәселелері қозғалды.

Облыс әкімі Қауымдастықтың сатып алулардың ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі, Қызылордада ғылыми-зерттеу орталығын құру және орталық атқару органдары, ұлттық компаниялар өкілдері мен мұнай-газ өндіруші компаниялар басшыларының қатысуымен кеңейтілген жиналыс ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарын құптады. Жиналыста Қызылорда облысының мұнай-газ жобаларында қазақстандық және жергілікті мазмұнды көбейту мәселелерін жеке қарау жоспарланып отыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер