«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өңірлік дамыту картасы

2015 жылғы 10 Қыркүйек
- Қостанай облысы
13603 просмотров

Қостанайда жыл соңына дейін өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасы жасалады

Аталмыш өңірлік стратегиялық құжат жасырын резервтер, бәсекелестік басымдылықтар, және де кедергілерді төмендету жөніндегі басты бастамаларды ескере отырып, бизнес дамуының келешегі бар бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.

Картаны жасаумен Кәсіпкерлер палатасы Қазақстанның индустрияны дамыту институтымен, Инвестициялардың рентабельділігін зерттеу жөніндегі агенттікпен, Әлеуметтік зерттеулер орталығымен бірге айналысуда. Жұмыс тобына сонымен қатар жергілікті атқару органдарының өкілдері кіреді.

«Ол шын мәнісінде «Атамекен» ҚР ҰКП жол картасы болып табылады және әрекеттегі бизнесті дамытуға, жаңа кәсіпкерлік субъектілерінің пайда болуына жағдай жасауға бағытталған. Бүгінгі таңда салааралық теңгерімнің жоқтығы құпия емес және қай өңірде өндірілетін өнім тапшылығы байқалатыны, керісінше, қайсында артық өндірілетіні жайлы нақты түсінік жоқ. Карта осындай олқылықтарды болдырмауға және экономиканың қай саласында бизнесті әрекеттегі және әлеуетті өткізу нарықтарын ескере отырып дамытқанымыз оңтайлы болатынын айқындауға мүмкіндік береді», - дейді Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Кукоба.

Картаны жасау салмақты талдамалық жұмысты қажет етеді. Бүгінде сауалнама, әрекеттегі және әлеуетті кәсіпкерлер арасында сұрау жұмыстары (1,5 адамды қамтумен), сонымен қатар тақырыптық сұхбаттар жүргізілген: бизнесмендермен, бейіндік басқармалар, даму институттары, екінші деңгейдегі банктер басшыларымен.

Бизнес қоғамдастықпен және өңірдің мүдделі құрылымдарымен қосымша кездесулерді қыркүйек айының соңында Инвестициялар рентабельділігін зерттеу агенттігінің қызметкерлері өткізеді. Бұл облыстағы бизнес-климат туралы біршама толық ақпарат даярлауға көмек болады. Ал айдың ортасында облысқа «Сандж» зерттеу орталығының мамандары келеді. Сапар аясында әлеуетті және әрекеттегі кәсіпкерлермен пікірталастық фокус-топтар орын алады.

«Осы кездесулер негізінде нақты бизнесмендердің «жетістік тарихтары» жазылып, олар да Картаға енгізіледі. Сонымен қатар, өңірдегі институционалдық және әлеуметтік ортаны зерттеу көзделуде, бұл оның облысымыздағы кәсіпкерліктің дамуына қаншалықты әсерін тигізетінін түсінуге мүмкіндік береді. Жалпы, карталар жасау жөніндегі жұмыс күллі республика көлемінде жүріп жатыр», - дейді Геннадий Кукоба.

Палата өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасының 2015 жылғы қараша-желтоқсан айларында дайын болатынын мәлімдеді. 


Ұқсас жаңалықтар:

Еншілес ұйымдар

Серіктестер