«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батырманы бассаң жетеді

2016 жылғы 29 Сәуір
- Жамбыл облысы
14712 просмотров

ҰКП бизнес үшін жаңа интернет-ресурс әзірлеуде

Кәсіпкерліктің өңірлік даму картасы, компаниялардың сауда тізілімі, сонымен қатар бірыңғай интернет-портал еліміздегі өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болмақ деп есептейді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма басшысының орынбасары Төлеміс Шотанов. Ол бұл туралы Таразда өткен Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің отырысында айтты.

«Өңірдің даму картасы – кәсіпкерлікті дамытудың керемет құралы деп сенімді түрде айта аламын. Бұл – businessmap.kz сайты. Онда Қазақстандағы барлық бизнес түрлері туралы толық мәлімет бар. Сіз ол жерден табиғи-шикізат базасы, инфрақұрылым, қоймалар, адам ресурсы, гендерлік ахуал және т.б. өзіңізге қажетті ақпараттарды таба аласыз. Бұл бір ғажайып дүние, әзірге Қазақстанда мұндай жүйенің баламасы жоқ. Бір ғана тетікті басу арқылы кәсіпкер өзіне қажетті барлық ақпаратты ала алады. Ең бастысы – онда бизнестің барлық түрі жинақталған. Сіз бизнестің түріне, саласына қарап керек мәліметті таңдай аласыз», – деді өңірлік кеңес мүшелерімен болған кездесуде Т.Шотанов.   

Төлеміс Садықұлының айтуынша Ұлттық палатаның тағы бір тамаша өнімі ретінде Сауда реестрін айтуға болады.

«Бізде Сауда реестрі бар. Бұл кәсіпкерлерге арналған интернет-алаң. Егер Өңірлік картада кәсіпкерлік нысанның мекенжайы мен атауы, саласы ғана көрсетілсе, мұнда барлық мәліметтер енгізілген, тіпті, сауда номенклатурасы туралы мәлімет те тіркелген. Техникалық тұрғыда барлығы дайын. Қазір тек ресурсты толықтыру жұмыстары жүргізілуде»,– деп атап өтті Басқарма басшысының орынбасары.

Кәсіпкерлер үшін аса қажет интернет ресурстың бірі «Білім базасы» болмақ.

«Біз кеңесшілер, бизнес-жаттықтырушылар жалдап, сервистік қызмет көрсету жұмыстарын жүзеге асырудамыз. Алайда, бұл жерде адам факторы рөл ойнауы мүмкін. Сондықтан да кәсіпкерлер үшін пайдалы ақпараттармен толықтырылған бірыңғай портал қажет. Онда көптеген ақпараттық бейнероликтер болады. Бұл бейнероликтерде мемлекеттік қолдау, салық декларациясын қалай толтыру, бухгалтерлік есепті тапсыру, мемлекеттік сатып алуларға қатысу туралы толыққанды мәліметтер көрсетілетін болады. Сонымен қатар, бірыңғай порталдың тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс-қызметі кез келген уақытта кәсіпкерлер сұрағына жауап береді»,– деді Төлеміс Шотанов.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер