«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Батыс Қазақстан облысында жыл соңына қарай Кәсіпкерлікті дамыту картасы жасалады

2015 жылғы 01 Қазан
- Батыс Қазақстан облысы
12824 просмотров

Аталмыш бағдарламалық құжат Өңірлік даму картасын жасақтау жөніндегі жұмыстың соңғы кезеңі болмақшы

Өңірлік карталар жасалған соң кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай республикалық картасы жасақталады. Оған әрбір өңір бойынша толық талдамалық шолу және экономикалық деректер, дамудың келешек бағыттары, жобалық бастамалар кіреді.

«Кәсіпкерлікті дамыту картасы өңіріміздің бизнесін дамыту үшін мамандануын, әлеуетін және жағдайын анықтуға, жасырын қорлар мен өңірлік әлеуеттің өсу нүктелерін ескере отырып бизнесті дамытудың келешегі бар бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді. Әрекеттегі және әлеуетті бизнесмендер өңірде қандай бизнесті дамыту қажет екенін көрнекі түрде көреді», - деді Батыс Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы экономикалық талдау және өңірлік даму бөлімінің бастығы Марат Нұрғуатов.

Экономикалық дағдарыс экономиканың барлық салаларындағы айналымдардың құлдырауын айқындады. Бұл көптеген факторлардан туындап отыр: жалпы экономикалық тенденциялар, мұнай бағасының төмендеуі, Ресейдегі және басқа елдердегі бәсекелестер тарапынан болған әсер және т.б. Бүгінде кәсіпкерлер өнімнің өзіндік құнын, шығындарды мүмкіндігінше түсіріп, қалыптасқан қиын жағдайдан шығар жолды, өнімін экспорттау мүмкіндігін іздеуде.

«Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы қалыптасқан экономикалық жағдайда бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескере отырып, талдау жұмысын жүргізеді, қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды, құқықтарды қорғау бойынша бизнеске практикалық көмек көрсетеді, консультациялар береді, тегін сервистік қолдау көрсетеді және т.б. 2014 жылдың соңынан бері БҚО өңірлік кәсіпкерлікті дамыту картасын жасақтау жөнінде жұмыс жүргізілуде», - деп хабарлады ӨКП өкілі.

Картаны дайындау өңірлерді дамыту жоспарларын өзектендірумен, инвестициялық тартымдылықтың төмендігімен және өңір аумағының көп бөлігіндегі инфрақұрылымның кенже дамуымен шартталған.

«Өңір кәсіпкерлері үшін Карта түрлі факторларды ескере отырғандағы бизнес үшін бағдар болады (өңірдің салалық мамандануы, ресурстық әлеуеті, өткізу нарығы, инфрақұрылымның болуы және т.б.). картада өңірдің даму стратегиясы, оның мамандануы, шикізатты іздеуден бастап өткізу нарығы, мемлекеттік қолдау шараларын көрсетумен инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандарды дамытуға бағытталған бюджеттік шығындарды жоспарлаумен аяқтағанда бизнесті құрудың толық циклын алдын-ала пысықтаумен салалар қимасындағы бизнесті дамытудың нақты бағыттары көрсетіледі», - деп түсіндірді Марат Нұрғуатов.

Карта сонымен қатар, индустриялық-инновациялық дамытудың 1 бесжылдығындағы (2010-2014 ж.ж.) жекелеген сәтсіз жобаларды ескере отырып, 2 бесжылдықта мұндай жобалардың қайталануына жол бермеуге тиіс.

Карта жергілікті атқару органдары үшін инфрақұрылымды, әлеуметтік нысандарды дамытуға, аумақты абаттандыруға және мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге бағытталған бюджет шығындарын жоспарлау үшін бағдар болып табылады.

Екінші деңгейдегі банктер мен даму институттары үшін Карта түрлі жобаларды қаржыландыру кезінде пайдалы болады.

Әлеуетті инвесторлар үшін Карта инвестициялар салу және жаңа өндірістік қуаттарды ашудың ықтимал келешегін айқындау үшін бағдар болуға тиіс.


Ұқсас жаңалықтар:

Бизнесті французша жүргізу
7 Маусым
2016
Батыс Қазақстан облысы
Бизнестің онлайн-шамшырағы
2 Маусым
2016
Атырау облысы
Батырманы бассаң жетеді
29 Сәуір
2016
Жамбыл облысы

Еншілес ұйымдар

Серіктестер