«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық кәдесыйлар көрмеге дайын

2016 жылғы 03 Мамыр
- Қарағанды облысы
11292 просмотров

Қазіргі таңда көптеген қазақстандық қолөнершілер жеке кәсіпкер немесе ЖШС мәртебесін иеленуге ниеттеніп отыр

Алда тұрған маңызды халықаралық «Экспо-2017» көрмесіне байланысы бар бұл кәсіпкерлер өз істерінің болашағына сенімділікпен қарайтындығын білдіреді.

Бүкіл әлемнің туристеріне тән дәстүр – өздері саяхаттаған елді-мекен бейнесіндегі кәдесыйларды жинау. Аталған көрмеге байланысты әлемнің түкпір-түкпірінен орта есеппен 2 миллионға жуық саяхатшы келеді деп жоспарланған. Әлбетте, осындай мүмкіндіктерді жіберіп алу және Қытайға тапсырыс беру арқылы жасалған бейнелі магниттерді қонақтарға ұсыну елге сын.

Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесі туристік тартымдылықты арттыруға, саяхатшыларға арналған кәдесыйлардың сапасын және оларды өз елімізде өндіруді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

«Астана-Экспо»  дамыту комитетінің жетекшісі Майя Агадилова өз кезегінде Еуропа және Араб Әмірліктері туристік компанияларының басшыларының арасында сауалнама жүргізгендігін айтады. Ең алдымен немістер, италяндықтар, арабтар Карлагқа және Спасск ескерткішіне барғысы келетіндіктерін айтқан. Өздігінше қызық мұздықтарды, құм төбелерді, сирек кездесетін жануарларды бақылауға болатын табиғи қорықтарды, әулие мекендерді немесе Балқаш көліндей кереметтерді шетелдіктер біле бермейді.

Жергілікті туристік операторлар үшін ішкі туризмді дамытудың орнына қазақстандықтарды шетелге демалуға жіберу оңайға түсіп отыр. Бүгінгі таңдағы геосаяси жағдайды алып қарасаңыз, Балқаш, Қарқаралы, Ұлытау ресейлік туристердің жаппай кеп демалуына ыңғайлы жер болар еді.

Олардың елімізге келуі бір мәселе де, көлік, тамақтандыру, кешенді қызмет көрсету, сонымен қоса, аудармашылар мен гидтердің қызметін жақсарту екінші бір мәселе. Сондай-ақ, кәдесыйларды сатып алушы туристерді тері, жүн өнімдері сынды тағы да басқа қолөнершілердің жұмыстарымен таныстырып, сол жерден сатып алуға жағдай жасау керек. Іскер әйелдер Кеңесі мүшелерінің  сөзіне қарағанда Қарағандыда бірнеше тілді еркін меңгерген гидтерді даярлауға арналған оқу орталығы ашылыпты. Іскер әйелдер Кеңесінің мүшесі Алла Руденконың айтуынша әрбір бағдар, қонақүй, ескерткіш орындары өздерінің есте қаларлық кәдесыйларын жасап шығарса болады. Ұсынылған құны арзан кәдесыйдан бастап жеке авторлық жұмыспен жасалған зергерлік бұйымдардың ауқымы өте үлкен болды. Шеберлер қолөнер шеберлерінің басын біріктіріп, осындай өнімдерді дайындау жұмыстарын жолға қояр уақыттың келгенін айтады. Іскер әйелдердің ортаға тастаған ойлары тек кәдесыйлармен шектеліп қалған жоқ. Мәселен, Елена Панфилова мен Наталья Луцкая «Тимкины печеньки» брендін ұсынды. Кәсіпқой дизайнерлер кондитерлік тағамдарға портреттер, пейзаждар, тақырыптық суреттерді салады. Ал бұл өнімдерге бал, зімбір және тағы да басқа табиғи өнімдер пайдаланылатын болады. Наталья өнімдерінің сапасына кепіл болатындығын білдірді.

 «Алтын ине» байқауындағы «Қайталанбас мәнер» аталымының жеңімпазы Жангүл Ибраева заманауи киімдерге ұлттық нақыш берген топтамасын ұсынды.

Айтқандай, Қарағанды қаласы «Экспо» қонақтарын қарсы алатын сүйеніш қала болғалы тұр. Алла суретшілерге Орталық бақтағы атракционды ұлттық нақышпен қағазға түсіріп, қаланың беткеұстар айшықты орнына айналдыруға болады дейді. Мәселен, ілініп тұрған кабиналарды шәй ішетін кесе бейнесіне ендіруге болатынын әңгімелейді.

Көрмені ұйымдастырушылардың мәліметінше, Астанада 10 мыңнан астам жатын-орын бар, ал, қажетті орын 40 мыңның айналасында болу керек екен. Салынып жатқан «Абу-Даби плаза» қонақүйі мен басқа да нысанға келуші қонақтарды Қарағандыға жіберу жоспары бар. Келіп түскен мәліметтер бойынша, «Космонавт» қонақүйі көрменің ресми серіктесі ретінде аккредиттеуден өтті. Негізгі қонақүйлер онлайн-брондаудың әлемдік жүйесіне қосылған. Осы орайда, көптеген туристер интернет арқылы қонақүйлерден орынды алдын-ала брондап қоятынын ескеруі маңызды.

Астана-Қарағанды автожолын жөндеуден өткізуді аяқтау осы жылға жоспарланған. Бұл жерде жолда қызмет көрсету туралы да сөз болып отыр. «Бизнестің жол картасы – 2020»  бағдарламасы аясында Осакаровка ауылында асханалар мен кафелер салынып жатыр. Іскер әйелдер кеңесі  Қарағандыға барар жолда ұлттық мәдениетпен, салт-дәстүрмен және қазақтың тұрмысымен таныстыру үшін арнайы этноауылдарды орналастыруды ұсынды.
«Экспо – 2017» халықаралық көрмесі отандық туристік саланы дамытуға берілген жаңа тыныс. Көрме өткенмен, мемлекеттер мен адамдардың арасындағы жылы қарым-қатынас өз жалғасын таба бермек. Еліне қайтқан қонақтар елімізге қайта оралатындай және өзімен бірге жақын достарын ерте келетіндей қызмет көрсету дөңгелек үстелдің басты түйіні болды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер