«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кооперативтер көптеп құрылуда

2016 жылғы 02 Маусым
- Жетісу облысы
7489 просмотров

Жамбыл ауданында тағы бір мал шаруашылығы кооперативі құрылуы мүмкін

Бұл туралы кәсіпкерлер кездесуінде мәлім болды

Алматы облысында ауылшаруашылық кооперативтерін құру туралы түсіндірме жұмыстары жалғасын табуда. Бұл қызметтің басты нәтижесі ретінде өңірде қызмет етіп отырған 20 кооперативті атауға болады. Ауылшаруашылық бірлестіктері пияз, картоп, бақша дақылдарын өсірумен, ет өндіру және мал өсірумен айналысатынын айта кету керек.

Жамбыл ауданы кәсіпкерлері бірігуге белсенділік танытып отырған қатысушылардың бірі. Бұл жолы кәсіпкерлермен Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары кездесті. Бекжұмаш Өзбеков, Үкіләй Керімова, Серік Бекбосыновтың басшылығындағы ғалымдар тобы табысты кооперативтер жұмысынан мысалдар келтіріп, осы саладағы ғылыми зерттеулермен бөлісті.

Экономика ғылымдарының докторы, профессор Үкіләй Керімованың айтуынша, АӨК қожалық етудің шағын формаларын дамытуды ынталандыру ұлттық экономиканы дамытудың басым бағыттарының бірі болып отыр.

«Қожалық етудің аталған формалары ауылшаруашылық тұтынушылық кооперативтері өндіретін өнімдердің көлемі мен сатылымын арттыруға мүмкіндік береді. Ал бұл мал шаруашылығының инвестициялық тартымдылығының, негізгі азық-түлік өнімдерінің жан басына шаққандағы тұтыну көлемінің, ЖІӨ көлемінің өсуі жөніндегі міндеттерді шешудегі АӨК үлесінің артуына әкеледі», – деді Керімова.

Жамбыл ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ықылас Амалбек те ауданда құрылған «Қастек-Сыбаға» кооперативінің қызметі туралы айтып берді.

«Кооператив бес шаруа қожалығын біріктірді. Бүгінгі күні бірлестіктің жақсы техникалық базасы, 1,5 га егістік және 15 мың га жайылымдық жерлері бар. Мал шаруашылығына қолайлы жағдайлар жасалған. Сондықтан бірлескен жұмыс жақсы нәтиже береді. Қазірден бастап кооперативтердің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін салықтық және өзге де жеңілдіктер қарастырылып жатқанын айту кету керек», – деді Ы.Амалбек.

Директор бүгінгі таңда кәсіпкерлік қоғамдастықтың кооперация мәселесін белсенді түрде талқылап жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, ауданда тағы бір кооператив пайда болуы мүмкін. Шаруалар қызығушылық танытып, мал шаруашылығы қожалығын құруды көздеп отыр. Қазір кәсіпкерлер ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуде. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер