«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Әскерден – бизнеске

2016 жылғы 03 Тамыз
- Қарағанды облысы
10856 просмотров

Әскери гарнизон сарбаздары әскери міндетін өтеп болған соң, өз ісін бастау туралы ойланбақ

Көптеген қатардағы әскери борышын өтеушілер үшін жұмысқа тұру мәселесі аса маңызды. Приозерск қаласының Кәсіпкерлер палатасы бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны түсіндіру бойынша кездесулер өткізуді жалғастыруда. Бұл жолы оларды кәсіпкерлік туралы әңгімелеуге №44841 әскери гарнизонына шақырды.

Қолдауға ие болу мүмкін бе, нақты бағытқа қандай бағдарлама жарамды және ең бастысы, бизнес бастағанда табысқа қалай жетуге болады, ісіңді қалай дұрыс бастау керек. Жас сарбаздар кеңес берушілерге осы тектес сұрақтар жаудырды. Олардың кейбірі, тіптен, өз ісін ашу туралы ойланбаған екен, сондықтан мемлекеттік қаржылық қолдау туралы естімеген болып шықты.

Приозерск КП филиалының директоры Азамат Шалғымбаевтың айтуынша, гарнизонда міндеттерін өтеп жүргендердің көбі негізінен ауылдан келгендер және жұмыссыз қалмау үшін қалаға келуді мақсат тұтқандар екен.  

«Сарбаздардың бірі кездесуден кейін бізге келіп, оның 10 сиыр малы түріндегі бастапқы капиталы бар екенін және әскерден кейін ірі қара мал өсірумен айналыспақ ниетте екенін жеткізді. Біз енді онымен кеңсемізде кездесіп, оның бизнес-жоспарын жасап, бизнес жүргізудің қыр-сырын үйретпекпіз. Көптеген жастар өз ісін ашу туралы ойланады және менің ойымша, жас кезіңді бос жібермей, ұмтылып қалған жөн. Біз мұндай бастамаларды жүзеге асыру үшін жан-жақты қолдау көрсетеміз», – дейді директор.

Мұндай кездесулердегі жиі қойылатын сұрақтардың бірі – салған қаражаттың өзін ақтап алуы. Неліктен бизнесті жабуға тура келеді, тәуекелдерді қалай бағамдап, алдын ала болжауға болады?

«Бастаушы кәсіпкердің негізгі қателігі оның нарықты зерттемей, бизнесін бәсеке көп салада бастауында. Мәселен, егер өңір мал шаруашылығын өсіруге қолайлы болса, онда ферма ашуды емес, жұмыс істеп тұрған шаруашылықтарға қызмет көрсететін салаға аяқ басу керек. Мәселен, ет өңдеу, ветеринарлық қызметтер немесе отарларды күзету қызметтері. Екінші басты қателік – бастай сала табыс түседі деп күту. Бизнесмен аса шыдамды болуы және әрекет жасағанда логикаға сүйенуі керек. Егер бірінші жылы бизнес тоқтаса, онда келесі жылы келетін табысқа ол түгелдей балта шапты деген сөз», – деп түсіндірді Азамат Шалғымбаев. Айта кету керек, Азамат Шалғымбаевтың моноқалада бизнесі бар, демек ол оның жай-жапсарын жақсы біледі. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер