«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тұтынушы талабы әрқашан орынды

2016 жылғы 25 Тамыз
- Павлодар облысы
11019 просмотров

Тұтынушылар мүддесін қорғауға арналған заңнамалық құжаттарға өзгерістер енді

Өңірлік Палатада кәсіпкерлерге енгізілген жаңалықтардың ең маңызды деген тұстарын түсіндіріп берді. Мəселен, Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент бөлімінің басшысы Нұрсұлу Əубəкірова əлдебір себептермен тұтынушының көңілінен шықпаған тауарды қайтару мерзімі өзгергенін айтты. Мысалы, сатып алынған тауардың түрі, өлшемі немесе түсі ойдағыдай болмаса, тауарды 30 күнтізбелік күн ішінде ауыстырып немесе қайтарып беруге болады. Ал бұған дейін тек 14 күн ғана берілетін болған.

Көп жағдайда сатушылар бағаны уақытылы ауыстырып жазуға үлгермей жататыны белгілі. Яғни, сөрелердегі баға мен кассада есеп-айырысу бағасы мүлдем екі түрлі болады. Енді сатып алушы тауарға жазылған баға бойынша төлем жасауға құқылы.

Тағы бір жаңалыққа тоқталсақ, тауарды шынымен сатып алғанын фискальды чек болмаса да растай алады. Фотосурет яки видео көрсетсе жетіп жатыр. Бұрын сауда орындарында фото-видеоға түсіруге тыйым салынған болса, қазір оған рұқсат берілген.

Қызмет көрсету саласында да өзгерістер бар. Бұдан былай келісімшарт тармақтарына өзгерістер енгізу немесе оны мүлдем жарамсыз деп тану үшін компания клиентке 30 күн бұрын ескертуі қажет.

Егер он адам бірден сатып алушының үстінен бірдей шағым айтып келер болса, онда Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі комитет оны сотқа беруге құқылы.

Кəсіпкерлерді толғантқан тағы бір мәселе, бұдан былай клиенттің сапасыз тауарды кепіл мерзімінің аяқталуына бір күн қалса да өткізуге құқылы болатыны туралы ақпарат болды. Сонымен бірге, тауарды қайтару кезінде сатып алушыға ақшасын толықтай қайтарып беру керек болатын өзгеріс те маңызды. Сатып алынған тұрмыстық техника бұзылып қалған жағдайда, сервистік қызмет көрсетуші өз есебінен жөндеу жасап, жеткізіп беруі тиіс.

Семинарды қорытындылай келе, кəсіпкерлер құқығын қорғау жəне əкімшілік кедергілер жөніндегі бөлім басшысы Лашын Баймағамбетова бизнесмендер назарын кəсіпкерлік қызметті тек заң жүзінде атқару қажеттілігіне аударды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер