«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мамандық таңдау – маңызды мәселе

2016 жылғы 26 Қыркүйек
- Павлодар облысы
15058 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған саяхаттың арқасында, оқушылар жұмысшы мамандықтарын жаңа қырынан таныды

«Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық» деген қанатты сөздің бар екенін бұрыннан білеміз және де осы ұғым кәсіби бағыт-бағдар беру ісінің саяхат жасау тәсіліне қаратыла айтылғандай. Өйткені балалар саяхат жасау арқылы  мамандықты жаңа қырынан танып, ой елегінен өткізіп, өздігінше шешім қабылдай алатын болады.

Әр адам өмірінің алғашқы жылдарынан бастап жақсы мамандық таңдауды мақсат етіп қояды және де өз қалауымен қабылдаған шешім өміріне оң әсер етеді. Психологтардың айтуынша, адам ешкімге еліктемей немесе біреудің айтқанын тыңдамай, өз еркімен мамандық таңдайтын болса, кәсіби маман ретінде қалыптасып, қоғамға үлкен пайда әкеледі. Ал керісінше мамандық жай қажеттіліктен таңдалған болса жұмысқа орналасу мен кәсіби мансабын жоғарылатуға кері әсерін тигізбек.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының адам капиталын дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Ілиясовтың айтуынша, оқушыларға арнап кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысын жүргізу, жоғары білікті маман дайындауда өте маңызды.

Қазіргі таңда жоғары сынып оқушылары мамандық таңдауда қиналып жатады. Оған себеп нарыққа қажетті мамандық туралы білмеуі мен басқаша пікірде болуы. Жұмысшы мамандықтарын да осы санатқа жатқызуға болады.

«Еңбек адамының қоғамдағы беделін арттырудың ең тиімді тәсілі Еңбек күнін мерекелеу болып табылады. Ол еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарын насихаттауға, жұмысшы әулетттің көпжылдық дәстүрін нығайтуға бағытталған», – деп атап өтті Бақытжан Ілиясов.

Еңбек күні аясында өткізіліп жатқан шарада Өңірлік палата кәсіпорындарға саяхат ұйымдастырып, болашақ мамандықты таңдауда бағдар беретін шеберлік сағаттарын жүргізіп отыр. Осылайша, мектептер мен колледждердің 100-ден аса білім алушылары «Павлодарэнерго» АҚ, «Қазэнергокабель» АҚ, «Алюминий Қазақстан» АҚ сынды индустрия алыптарының жұмыстарымен танысып жатыр. Бұл жерде олар өндіріс тіршілігімен танысып, жұмыс барысын өз көздерімен көріп, сондай-ақ әр мамандық иесінің жұмыс үстінде атқаратын шаруаларын бақылап, шығарылған өнім туралы ақпарат алды. Зауыт қызметкерлері де оқушылардың көкейдегі сауалдарына шынайы жауап берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер