«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төрт ай бойы табысты технологияларды талдады

2016 жылғы 25 Қараша
- Қарағанды облысы
8024 просмотров

Қарағандылық ет өндірушілер тұшпара, тартылған ет, ет консервілері сияқты сүйексіз жартылай дайын өнімдерді өндіру технологиясын үйренді

Облыста агробіліктілік бойынша оқу семинарлары аяқталды. Төрт ай бойы өңір шаруалары өсімдік және мал шаруашылығын жүргізудің қыр-сырымен танысып, табиғи өнімдерді қайта өңдеудің жаңа технологияларын үйренді. Курсқа барлығы 500 фермер қатысты.

Соңғы семинарлардың бірі етті қайта өңдеу тақырыбына арналды. Тәжірибелі сарапшылар экономикалық тиімділікті ескере отырып, етті қайта өңдеуді, мүшелеуді және сақтауды үйренді. Қайта өңдейтін кәсіпорындарда арнайы көліктің, сою алдында мал сақтайтын орынның болуы және олардың заманауи тоңазытқыштармен жабдықталуы тиіс екенін көбі біле бермейді, дейді дәріскерлер.

Семинарда білікті мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті. Нәтижесінде барлық фермерлер – тәжірибелі егіншілер мен малшылар, бәрінің әріптестеріне айтары бар.

«Теориялық бөлімнен кейін біз талқылауға көшіп отырдық, фермерлерден ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу процесін қалай жүргізіп жатқандығын сұрадық. Жаңа технологиялардың қыр-сырын түсіндіріп, оқытудың тәжірибелік бөлімінде, олардың артықшылықтарын көрсеттік. Мәселен, «Қайта  өңдеу кәсіпорындарының тиімділігі» семинары «Арай kz» ЖШС базасында өтті. Кәсіпорын ірі қаралар, ұсақ малдар, жылқылар сатып алып, оларды сойып, «Халал» стандарты бойынша ет өнімдерін өндіреді. Онда арнайы автокөлігі мен тоңазытатын жабдығы бар заманауи өндірістік желі жұмыс істейді. Кешеннің жылдық өндіріс қуаттылығы – 276 тонна сиыр еті, 200 тоннадай қой еті, 580 мың консерві және 20 тонна жартылай дайын өнімдер. «Арай kz» ЖШС-ны таңдаудағы тағы бір себеп – кәсіпорын «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуеті» бағдарламасына қатысып жатыр. Міне, дәл осы жерде біз семинарға қатысушыларға барлық технологияларды таныстыра алдық», – дейді сарапшы Серік Түменов.

Серік Түменов пен дәріскер Ермек Әбілмәжінов  шаруаларға өндірістік қуатты күшейтуге және заңнамалық нормалар мен актілерді пайдалана отырып, шикізат жеткізушілерді тартуға қатысты толыққанды кеңестер берді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер