«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды-Ішкі Моңғолия: энергетикалық әріптестік мүмкін бе?

2017 жылғы 24 Тамыз
- Қарағанды облысы
8435 просмотров

Ішкі Моңғолияның бизнес өкілдері Қарағандыға келді

23 тамыз күні Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасында Қытайдың Автономиялық аймағы Ішкі Моңғолиядан келген бизнесмендермен В2В форматында кездесу өтті. Кездесу барысында энергетика бағытында өзара бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі сөз болды.

Моңғол делегациясы Астана қаласына 22 тамыз күні ЭКСПО-2017 көрмесі аясында ұйымадстырылып отырған «Автономиялық аумақ Ішкі Моңғолия апталығының» ашылу салтанатына арнайы келіп отыр. Шара барысында Қарағанды облысы әкімдігімен өзара ынтымақтастықты арттыруға арналған бірнеше меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес Қарағанды өңіріне іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында 23 тамыз күні Қарағанды облысының бизнес өкілдерімен облыстағы Кәсіпкерлер палатасында жеке кездесу өтті. Моңғол делегациясы Сарыарқа арнайы экономикалық аймағына, «Tau-Ken Temir» кәсіпорынына, Нұра ауданындағы Киевка кентіне ат басын бұрды.

Мәселен, В2В кездесу алаңында Хуантон провинциясының бизнес өкілдері жел және күн көзінен алынатын энергияға қажетті технология туралы айта келе, осы саладағы өз өндірісімен қарағандылық кәсіпкерлерді таныстырды. Хуантон компаниясы әлем бойынша жел және күн қуатын өндіруге қажетті құрылғы-қозғалтқыштарды жасау мен сату жағынан әлемде 9-шы, ал елде 2-ші орында тұрғандарын атап өтті. Сөз соңында компания өкілі қарағандылық бизнесмендерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.  

«Электр желісімен айналысатын жалғыз мемлекеттік корпорациямыз. Сіздермен ортақ жоба бастауға дайынбыз. Тікелей менімен байланысуларыңызды сұраймын»,  - деп түйіндеді Электр желісі компаниясының директоры Гоулинг Джанг .

Осылайша В2В кездесуде Ішкі Моңғолия делегациясының өкілдері қарағандылықтарды энергетика саласында әріптестікке шақырды. Сондай-ақ, олар қазақстандық басқа компаниялармен ортақ жоба бастағандарын және ол жобаның ратификациялануын күтіп отырғандарын да айтып өтті.

Кездесу кезінде моңғолиялық әріптестер Қарағанды облысының инвестициялық климатымен, қуат көздерінің ошақтарымен, жел энергиясының хал-ахуалымен  жақынырақ танысуды қалайтындарын жеткізді. Сонымен қатар, агроөнеркәсіп кешені мен ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, сауда және туризм саласы бойынша ұсыныстарды да қарастыруға дайын екендерін айтты.

Екі ел кәсіпкерлері өзара байланыс желісімен алмасып, келешектегі әріптестік жайында жеке келіссөздер жүргізіп үлгерді. Моңғолиялық әріптестер өңір бизнесмендерін ішкі өндіріспен танысуға Қытайға шақырды.

Сонымен қатар, Нұра ауданындағы экскурсия барысында ЖШС «Yeu Teng Agro» (тамшылап суару арқылы күнбағыс өсіру өнеркәсібі), СДО «Нұра», ЖШС НҚП «Шахтерское» өндіріс орындарына барып қайтты. Ауылшаруашылығы саласында өзара ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігін кәсіпкерлермен талқылады.

Осы орайда, Қарағанды өңірінің 2020 жылға арналған энергетикалық жоспарынан ақпарат беруді жөн санап отырмыз. Облыс 2020 жылға дейін альтернативті энергия көздерін дамытатын 6 ірі жаңа объектісін салуды көздеп отыр. Сондай объектілердің бірі – Ақтоғай ауданы Гүлшат елді-мекеніндегі 40 МВт, Шет ауданы Ағадыр кентіндегі 50 МВт және Сарань қаласындағы 100 МВт қуаттылығы бар үш күн электр станциялары. Одан бөлек, Қарқаралы қаласы мен Осакаровка ауылында қуаттылығы 60 МВт және 10 МВт болатын екі жел электр станцияларын, Абай ауданы Курминск ауылында бір биогаз қондырғысын салу жоспарда бар.  

 

Еншілес ұйымдар

Серіктестер