«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес ауыртпалығын азайту бойынша әлеует бар – «Атамекен» ҚР ҰКП

2017 жылғы 31 Тамыз
2825 просмотров

Бизнеске қажетті 800-ден астам рұқсатнама және лицензия  қысқартылды

ҚР Үкәметінде өткен баспасөз маслихатында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов бизнестегі мемлекеттік реттеуді азайту мен бизнесті қорғау бойынша Ұлттық палатаның қолданып отырған шаралары жайында хабарлады.

«Заң құзыреті шеңберінде Ұлттық палата өңірлердегі жүйелі мәселелерді жинақтауда. Бүгінде 183 мәселе бар, оның 56%ы шешімін тапты, 44%-ы – шешілу барысында. Бұл жұмыс Ұлттық экономика министрлігінде апта сайын   талқылануда, оң шешімін табуда», – деді Рустам Жүрсінов.  

«Бизнестің құқығын қорғау – ең басты мақатымыз. Ұлттық палатаға  18 623 кәсіпкер шағым түсірген. Олардың ішінде (өтінімдердің 13%-ы) жиі кездесетіні – салық пен жер учаскісіне қол жетімділік; 10% – сатып алулар мен кәсіпкерлер арасындағы дауларға қатысты. 2017 жылдың бірінші тоқсанындағы мәліметке сәйкес «Атамекенге» 1387 өтінім түсті. Айта кететін жайт, бұл өтінімдердің 41%-ы оң шешілуде. Біз  жазалауды азайтудың айтарлықтай әлеуетін көріп отырмыз. Кәсіпкерлер құқығын қорғау бойынша Ұлттық палатамен қорғалған мүдде 81 млрд теңгені құрап отыр», – деді спикер.

Рустам Жүрсіновтың айтуынша, ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, кәсіпкерлерге арналған лицензиялар және рұқсат беру қағаздарын азайту бойынша айтарлықтай жұмыс атқарылып жатыр.

"Егер бастапқыда болған жағдайды ескерсек, едәуір өсу байқалады.  Мәселен, 2011 жылы бизнеске қажетті рұқсаттар мен ескертпелер саны 1 115 бірлікті құрады. Осы бағыттағы жүргізілген жұмыс нәтижесінде рұқсатнамалар және лицензиялар саны 72%-ға қысқартылды. Бұл өте жақсы көрсеткіш», – деді ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.  

"Бизнеске қатысты міндеттемелерді, шыны керек, осы күнге дейін тиянақты ешкім зерттеген жоқ. Бизнес өзін қорғай алатын жағдайды қалыптастыруымыз керек. Бұл орындалуы тиіс меже. Мемлекет аппаратының клиентке бағдарлануға өтуі – бизнес үшін аса маңызды. Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жасалып жатқан алдын ала қадағалау жұмысы – осыған үлгі. Мемлекет әкімшілік айыппұл, санкция салуды көксеп отырған жоқ. Мемлекет білімсіздігінен белгілі бір қателіктерге бой алдырған кәсіпкерді бағдарлау керек. Мәселен, қателіктерді түзету үшін  кәсіпкерге нақты мерзім берілуі тиіс, егер қателіктер жойылмаса ғана келіп, жазалау жөн. Біздің ойымызша бұл сызба әділетті және тиімді», – деді спикер.

 Басқарма Төрағасының орынбасары «Атамекен» бизнесті тексеруі мен бақылау функциялары 30 пайызға қысқартуды ұсынып отырғанын айтты.

«Егер мың адамға шаққан статистиканы қарайтын болсақ, онда Қазақстан шағын бизнес субъектісінің саны бойынша қалыс қалмайды. Біздің міндетіміз –жұмыс орны, еңбек өнімділігі, эспортқа бағытталудың ауқымды саны арқылы бизнес іріленетіндей жасау.

Рустам Жүрсіновтің айтуынша, бизнестің өзін-өзі реттеуін енгізу жұмысы  жүргізіліп жатыр.

«Себебі бір де бір мемлекеттік орган өкілеттігін өзін-өзі реттеуге бермейді. Біршама жұмыс атқарылды, бірақ бұл қарқын мүлдем басқаша болғанын қалаймыз. Егер мемлекет өзінің бақылаушы-қадағалау функциясын қысқартатын болса, онда олар балама негізге келетін болады. Бизнес өзі тексеруі керек, ал тәуекелді басқару негізінде мемлекет кәсіпкерліктің екі субъектісін де бақылауға алуы тиіс», – деді спикер.  

Рустам Жүрсіновтың айтуынша Ұлттық палата 15 941 нормативті-құқықтық актісі жобасына сараптама жасады. Сонымен қатар 5 943 заң жобасының жазылуы кезеңінде «Атамекен» ҚР ҰКП ұсыныстары мен ескертпелері назарға алынды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер